Мазмұнға өту
almaty_employment_center

Центр занятости г.Алматы

@almaty_employment_center

Сайтта 2018 ж. 29 қазанКазахстан, Алматы

http://cz-almaty.kz КГУ "Центр занятости населения г.Алматы"

рейтинг

250

жазбалар

72

пікірлер

2

тіркелуші

4

жазылымдар

6

Азаматтарды көшпелі қабылдау

Осы жылғы 9 қаңтарда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ақпаратты-түсіндіру жұмыстары аясында Алматы қаласы Алмалы ауданының Мемлекеттік кіріс департаментінің ғимаратында жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС), атаулы әлеуметтік көмекті және т.б. ресімдеу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті.          

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталықтары (әрі қарай – Орталық) мамандарының қабылдауы барысында шамамен 20 адам қабылданып, оларға кеңестер берілді, олардың ішінен 10 жұмыссыз Орталыққа жіберілді.

Орталықтың жұмысы, www.enbek.kz электронды еңбек биржасы порталының жұмысы туралы түсініктемелер берілді, Бағдарламаның бағыты, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да белсенді шаралары мен т.б. туралы ақпараттар  баяндалды.  

Қабылданған азаматтардың ішінде жұмыссыздар, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар бар. Олардың барлығы сауалдар қойып, мамандардан кеңестер алды. Барлық келушілерге Орталықтың қызметі мен байланыс мәліметтері туралы ақпараттар бар жаднамалар мен кітапшалар таратылды.

Бағдарламаға қатысқысы келетін кез-келген адам келесі мекенжайда орналасқан, Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады: Назарбаев даңғылы 50 / Жібек Жолы көшесінің қиылысы.  

0
0
408

Жұмыспен қамту орталығында дөңгелек үстел өтті

2019 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында халықаралық ұйымдар өкілдерінің, сарапшылар мен Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру» жобасының шеңберінде Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру мен жақсарту жолдарын талқылауға арналды.
Күрделі мәселелерді талқылау барысында сарапшылар өздерінің қызметіндегі проблемалардың жүйелі сипатын атап өтті, сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын жақсарту әдістеріне қатысты пікірлерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің спикерлері:

  • Бейсембаев Ғани Бектайұлы, «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры, ЮНЕСКО клубының басшысы
  • Жебегенова Орынқыз Керімбайқызы, "K-BAGDAR" Халықаралық Қоғамдық қорының басшысы
  • Омар Олжас Қобландыұлы, сарапшы
  • Қалыкова Айгүл Оразқызы, сарапшы.
  • Азизова Тлахан Усмановна, сарапшы.

О.К. Омар Дөңгелек үстелге қатысушыларды жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін жетілдіру бойынша келесі іс-шаралармен таныстырды:

  • кәсіптік оқытуға жазылған адамдарды кәсіптік даярлаудан өткізу;
  • осы мамандықтар бойынша бос орындары бар жұмыс берушілердің кәсіптік оқытуға жазылған адамдарымен әңгімелесу өткізу;
  • мерзімі аяқталғаннан кейін жастар практикасына жіберілген 50 % кем емес тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға байланысты жұмыс берушілердің кепілді хаттарын ұсынуы бойынша мәселелерді қарау;
  • «Кәсіптер әлемі» (Сеулде JobWorld ретінде) Кәсіптік бағдарлау орталығының ашылуы;
  • нақты мақсатты топтарға (медиктер, педагогтар, полицейлер мен т.б.)арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізу;
  • кадр қызметкерлері клубын құру және т.б.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұсаукесерінен кейін, кездесу табысты жұмыстың маңызды элементі болып табылатын,жұмыспен қамту орталықтарының кадрлық құрамын талқылауға ауысты.
Спикерлердің сөз сөйлеуінен кейін барлық қатысушылар сауалдар қойып, жауаптарын алды, пікірлері мен ұсыныстарымен алмасты.

0
0
597

Оқушылар Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығында болды

Кәсіптік бағдарлау оқушылар үшін өте маңызды, себебі олар жақын арада университетке немесе колледжде оқу үшін өздеріне мамандық таңдауы керек.Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары оқу орындарына келіп, оқушылармен әртүрлі мамандықтар, еңбек нарығының жағдайы, ең қажетті кәсіптер мен кәсіп таңдау әдістері туралы әңгімелесу өткізді.

Жұмыспен қамту орталығының маманы Е.С.Жақыпованың № 123 өткізген ақпаратты-түсіндіретін әңгімелесу өткізгеннен кейін, 20 желтоқсанда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөліміне 9 сыныптың оқушылары келді.

Жоғары сынып оқушылары Е.А.Климовтың әдісі бойынша кәсіптік бағдарлаудан сынақтама өтті. Аталған сынақтама қызметтің әр түрлеріне қарай оқушыларды ынталандыру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сынақтаманы жасөспірімдер мен үлкендерді кәсіптік бағдарлау кезінде пайдалануға болады.Әрбір адам үшін оған жақынырақ болатын жұмыс тақырыбына сәйкес келетін іс-әрекеттердің көп немесе аз айқындалған артықшылығы сипатталады.Бұл белгілі бір мүдделер мен жеке сипаттамалардың басым болуына байланысты.

Оқушылар сынақтан сәтті өтті, нәтижелерімен танысып, пайдалы кеңестер алды.

0
0
440

Болашақты таңдау

Кәсіпті таңдау проблемасы қоғамдық болып табылады, өйткені қоғамның, экономиканың жағдайы, еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту, дарындыларды айқындау мүмкіндігі мен оларды әсіресе лайықты қызмет саласына бағыттау дәл соған байланысты.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы «Еңбек» Жұмыспен қамту бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы жылдың 14 желтоқсанында  Жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Р.Тұрғынова № 55 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесті.

Мұнда 75 жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кәсіптер әлемімен, мамандық таңдау әдістерімен танысып, еңбек нарығындағы ең қажетті мамандықтар туралы білу үшін оларға тұсаукесер көрсетілді.

Студенттермен әңгімелесу барысында болашақ мамандықты, Жоғары оқу орнын таңдау туралы әңгімелесу жүргізілді, бұл саналы таңдалған мамандық па немесе ата-анасының ұсынысы бойынша таңдауға әсер етеді.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін оқушыларға жеке қабілеттерін және дағдыларын анықтауүшін және осы мамандықты таңдауға қатысты ұсыныстар алуды ескеріп, келесі мекенжайда орналасқан, Жұмыспен қамту орталығынан тестілеуден өту ұсынылады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысы.

0
0
456

«Біз халықпен біргеміз!»

Осы жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «БАТА ДИЗАЙН» ЖШС, «ОХРАННАЯ КОМПАНИЯ АЛ РУС» ЖШС жұмыс берушілерімен бірге № 172 мектепте «Думан» шағын ауданының тұрғындары мен жалғызбасты аналармен «Біз халықпен біргеміз!» тақырыбында кездесу өткізді.

Салтанатты шараны Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Д.К.Әбуов ашып, қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларды кездесдің мақсатымен таныстырды.

Жұмыспен қамту орталығының маманы М.Д. Тыныбаева 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғап, ол «Шаштараз» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсын бітірген О.Тинимбаева туралы жақсы мысал келтірді.

Демеушілер атынан көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға шағын сыйлықтар ұсынылды, сонымен бірге, «Еңбек» нәтижелі жұмыс қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушы азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

0
0
427

Жұмыспен қамту орталығы оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтауға көмектесті

Жұмыспен қамту орталығының ең маңызды бағыттарының бірі – оқушыларды кәсіптік бағдарлау. Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беруді жалғастырып келеді.

«Кім боламын?» сауалын кез келген оқушы өзіне қояды. Дұрыс таңдалған кәсіп - бұл болашақта өзін өзі танытуға, психологиялық және материалдық саулыққа арналған бағыттың бастамасы.

Осы жылғы 10 желтоқсанда № 147 мектепте кәсіптік бағдарлау бөлімінің маманы Е.С.Жақупова жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге 74 адам қатысты.

Оқушыларды кәсіптің атласымен таныстырып, талап етілген кәсіптер туралы ақпараттарды, өз қабілеттерін ескеріп, кәсіп таңдаудың әдістерін ұсынды.

Оқушылардың сауалдарына жауап берілді және болашақта кәсіп таңдауға ұсыныстар жасалды.

Мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарлау мақсаты - қоғамдық мүдделер мен еңбек нарығының талаптарын есепке ала отырып, өздерінің кәсіби қызметінде өзін-өзі жүзеге асырудың тұрақты себептерін қалыптастыру болып табылады. Еңбек және кәсіп әлемі туралы оқушылардың білімін өзектілендіру, кәсіптік қызмет пен жеке мүмкіндіктер туралы дәлме дәл ұсыныстарын алу проблемасы ерекше маңызды болып табылады.  

Осыған орай, оқушыларды болашақта еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер тізбесімен таныстырды: биоинженер, жаңартылатын энергия жөніндегі инженер, «ақылды» ортаның жобалаушысы, киберқауіпсіздік маманы, баламалы энергетика маманы,  нейропсихолог, биоинформатик, бағдарламашы/әзірлеуші, инженер-жобалаушы, 3D-баспа инженері, гендік инженерия маманы, виртуалды шынайылық дизайнері, виртуалды шынайылық сәулетшісі және биофармаколог.

0
0
541

ҚазХҚжӘТУ бос орындар жәрмеңкесі

Осы жылдың 7 желтоқсанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттер мен университет түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі болды.

Білім саласында 50-ден аса компаниялар бос орындар ұсынды: ағылшын тілінің мұғалімдері, филологтар, ағылшын және неміс тілдерінің аудармашылары және басқалар.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары жәрмеңкеге қатысып, жастар практикасының мүмкіндіктері туралы түлектерді таныстырды.Сондай-ақ, «Еңбек» Бағдарламасы шеңберінде кәсіптік оқытудан өтеді. Мамандықты алған, бірақ мамандығы бойынша жұмыс таппаған немесе талап етілмеген жұмысқа ие болғандар тегін оқыту курстарына, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілуі мүмкін.

Талапкерлерге жұмыспен қамту орталығының бағыттары туралы айталған, буклеттер мен үнпарақтары таратылды.

0
0
516

Выпускникам КАУ рассказали о Программе занятости «Еңбек»

В Казахско-Американском университете (КАУ) прошла «Осенняя Ярмарка выпускников». Ярмарка была проведена с целью организации встречи выпускников с работодателями для решения вопроса их дальнейшего трудоустройства. Центр занятости населения г.Алматы также принял участие в данном мероприятии.

В ярмарке участвовали 25 организаций г.Алматы, среди которых были крупные компании как: ТОО СП "КОКА-КОЛА АЛМАТЫ БОТТЛЕРС", АО «Казахтелеком», АО «Казтелерадио», «ТОО «Издательский дом "САДУ"»,ТОО «EF EDUCATION FIRST International Language Computers» , Тренинговый центр «Диалог», которыми представлено более 70 вакансий.

Специалисты Центра занятости ознакомили выпускников  с направлениями Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек», подробно рассказали о  программе  молодежная практика, а также  провели консультации по различным формам содействия в трудоустройстве выпускников в рамках Программы.

В ходе мероприятия выпускники имели возможность лично пообщаться со специалистами Центра, узнать о  состоянии рынка труда, имеющихся вакансиях, местах прохождения молодежной практики, а также оставить свои резюме по интересующим вакансиям.

Всем участникам ярмарки были розданы буклеты с  информацией о Программе и контактными данными Центра занятости населения г.Алматы.

0
0
319

ҚАУ түлектеріне «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасы туралы айтылды

Қазақ-Америка университетінде (ҚАУ) «Түлектерге күзгі жәрмеңке» болды. Жәрмеңке жұмыс берушілермен түлектердің кездесуін ұйымдастыру мақсатында, олардың әрі қарай да жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін өткізілді. Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы аталған іс-шараға қатысты.

Жәрмеңкеге Алматы қаласының 25 ұйымы қатысты, олардың ішінде келесі ірі компаниялар бар: "КОКА-КОЛА АЛМАТЫ БОТТЛЕРС" БК ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, "САДУ" баспа үйі» ЖШС, «EF EDUCATION FIRST International Language Computers» ЖШС,«Диалог» тренингктік компаниясы, олар 70-тен аса бос орындар ұсынды.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары түлектерді «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бағыттарымен таныстырды, жастар тәжірибесінің бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді,жастар тәжірибесі бағдарламасы туралы толық айтып берді, сондай-ақ Бағдарлама аясында түлектерді жұмысқа орналастыруда әсер етудің әртүрлі үлгілері бойынша кеңестер берді.

Іс-шара барысында түлектер Орталықтың мамандарымен жеке танысып, еңбек нарығының жағдайы, қолда бар бос орындар, жастар практикасының өткізілу орны туралы білу, сонымен бірге қызықтырған бос орындар бойынша өздерінің түйіндемелерін қалдыру  мүмкіндіктеріне ие болды.

Жәрмеңкенің барлық қатысушыларына Бағдарлама туралы ақпараттары мен Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының байланыс мәліметтері бар буклеттер таратылды.

0
0
319

Табысқа қадам басу

Осы жылдың 30 қарашасында «Astoria» мейрамханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «аспазшы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстарда оқитын, «Еңбек» бағдарламасының 12 қатысушысы қатысқан, «Табысқа қадам басу» атты шеберлік класы өткізілді.

Спикер ретінде сөз сөйлеген Нурбви Кисембаева. Спикер өз қызметіндегі алғашқы баспалдақтары мен мейрамхана бизнесіндегі Басқарушы мәртебесіне дейінгі мансап сатысы бойынша әрі қарай өсуі туралы айтып берді.

Бағдарлама қатысушыларына жетекші аспазшылардың дағдыларын үйренуге, аспаздық өнерінің құпияларын үйренуге мүмкіндік берілді.

Шеберлік класын өткізу барысында мынадай мәселелер талқыланды: мейрамхана ісі, ұжымды іріктеу, калькуляция, рәсімдеу және басқалар.

Шеберлік класының қатысушылары «Еңбек» бағдарламасы аясында өтеусіз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 240 500 теңге сомасында гранттар алудың шарттары мен тәртібімен таныстырылды.  

0
0
435