Табысқа қадам басу
Осы жылдың 30 қарашасында «Astoria» мейрамханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «аспазшы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстарда оқитын, «Еңбек» бағдарламасының 12 қатысушысы қатысқан, «Табысқа қадам басу» атты шеберлік класы өткізілді.
Спикер ретінде сөз сөйлеген Нурбви Кисембаева. Спикер өз қызметіндегі алғашқы баспалдақтары мен мейрамхана бизнесіндегі Басқарушы мәртебесіне дейінгі мансап сатысы бойынша әрі қарай өсуі туралы айтып берді.
Бағдарлама қатысушыларына жетекші аспазшылардың дағдыларын үйренуге, аспаздық өнерінің құпияларын үйренуге мүмкіндік берілді.
Шеберлік класын өткізу барысында мынадай мәселелер талқыланды: мейрамхана ісі, ұжымды іріктеу, калькуляция, рәсімдеу және басқалар.
Шеберлік класының қатысушылары «Еңбек» бағдарламасы аясында өтеусіз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 240 500 теңге сомасында гранттар алудың шарттары мен тәртібімен таныстырылды.
