Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазХҚжӘТУ бос орындар жәрмеңкесі

Осы жылдың 7 желтоқсанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттер мен университет түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі болды.

Білім саласында 50-ден аса компаниялар бос орындар ұсынды: ағылшын тілінің мұғалімдері, филологтар, ағылшын және неміс тілдерінің аудармашылары және басқалар.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары жәрмеңкеге қатысып, жастар практикасының мүмкіндіктері туралы түлектерді таныстырды.Сондай-ақ, «Еңбек» Бағдарламасы шеңберінде кәсіптік оқытудан өтеді. Мамандықты алған, бірақ мамандығы бойынша жұмыс таппаған немесе талап етілмеген жұмысқа ие болғандар тегін оқыту курстарына, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілуі мүмкін.

Талапкерлерге жұмыспен қамту орталығының бағыттары туралы айталған, буклеттер мен үнпарақтары таратылды.

0
0
471

Осы тақырып бойынша

ҚазХҚжӘТУ бос орындар жәрмеңкесі - Yvision.kz