Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азаматтарды көшпелі қабылдау

Осы жылғы 9 қаңтарда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ақпаратты-түсіндіру жұмыстары аясында Алматы қаласы Алмалы ауданының Мемлекеттік кіріс департаментінің ғимаратында жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС), атаулы әлеуметтік көмекті және т.б. ресімдеу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті.          

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталықтары (әрі қарай – Орталық) мамандарының қабылдауы барысында шамамен 20 адам қабылданып, оларға кеңестер берілді, олардың ішінен 10 жұмыссыз Орталыққа жіберілді.

Орталықтың жұмысы, www.enbek.kz электронды еңбек биржасы порталының жұмысы туралы түсініктемелер берілді, Бағдарламаның бағыты, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да белсенді шаралары мен т.б. туралы ақпараттар  баяндалды.  

Қабылданған азаматтардың ішінде жұмыссыздар, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар бар. Олардың барлығы сауалдар қойып, мамандардан кеңестер алды. Барлық келушілерге Орталықтың қызметі мен байланыс мәліметтері туралы ақпараттар бар жаднамалар мен кітапшалар таратылды.

Бағдарламаға қатысқысы келетін кез-келген адам келесі мекенжайда орналасқан, Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады: Назарбаев даңғылы 50 / Жібек Жолы көшесінің қиылысы.  

0
0
357

Осы тақырып бойынша

Азаматтарды көшпелі қабылдау - Yvision.kz