Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚАУ түлектеріне «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасы туралы айтылды

Қазақ-Америка университетінде (ҚАУ) «Түлектерге күзгі жәрмеңке» болды. Жәрмеңке жұмыс берушілермен түлектердің кездесуін ұйымдастыру мақсатында, олардың әрі қарай да жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін өткізілді. Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы аталған іс-шараға қатысты.

Жәрмеңкеге Алматы қаласының 25 ұйымы қатысты, олардың ішінде келесі ірі компаниялар бар: "КОКА-КОЛА АЛМАТЫ БОТТЛЕРС" БК ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, "САДУ" баспа үйі» ЖШС, «EF EDUCATION FIRST International Language Computers» ЖШС,«Диалог» тренингктік компаниясы, олар 70-тен аса бос орындар ұсынды.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары түлектерді «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бағыттарымен таныстырды, жастар тәжірибесінің бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді,жастар тәжірибесі бағдарламасы туралы толық айтып берді, сондай-ақ Бағдарлама аясында түлектерді жұмысқа орналастыруда әсер етудің әртүрлі үлгілері бойынша кеңестер берді.

Іс-шара барысында түлектер Орталықтың мамандарымен жеке танысып, еңбек нарығының жағдайы, қолда бар бос орындар, жастар практикасының өткізілу орны туралы білу, сонымен бірге қызықтырған бос орындар бойынша өздерінің түйіндемелерін қалдыру  мүмкіндіктеріне ие болды.

Жәрмеңкенің барлық қатысушыларына Бағдарлама туралы ақпараттары мен Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының байланыс мәліметтері бар буклеттер таратылды.

0
0
278

Осы тақырып бойынша