Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыспен қамту орталығы оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтауға көмектесті

Жұмыспен қамту орталығының ең маңызды бағыттарының бірі – оқушыларды кәсіптік бағдарлау. Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беруді жалғастырып келеді.

«Кім боламын?» сауалын кез келген оқушы өзіне қояды. Дұрыс таңдалған кәсіп - бұл болашақта өзін өзі танытуға, психологиялық және материалдық саулыққа арналған бағыттың бастамасы.

Осы жылғы 10 желтоқсанда № 147 мектепте кәсіптік бағдарлау бөлімінің маманы Е.С.Жақупова жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге 74 адам қатысты.

Оқушыларды кәсіптің атласымен таныстырып, талап етілген кәсіптер туралы ақпараттарды, өз қабілеттерін ескеріп, кәсіп таңдаудың әдістерін ұсынды.

Оқушылардың сауалдарына жауап берілді және болашақта кәсіп таңдауға ұсыныстар жасалды.

Мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарлау мақсаты - қоғамдық мүдделер мен еңбек нарығының талаптарын есепке ала отырып, өздерінің кәсіби қызметінде өзін-өзі жүзеге асырудың тұрақты себептерін қалыптастыру болып табылады. Еңбек және кәсіп әлемі туралы оқушылардың білімін өзектілендіру, кәсіптік қызмет пен жеке мүмкіндіктер туралы дәлме дәл ұсыныстарын алу проблемасы ерекше маңызды болып табылады.  

Осыған орай, оқушыларды болашақта еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер тізбесімен таныстырды: биоинженер, жаңартылатын энергия жөніндегі инженер, «ақылды» ортаның жобалаушысы, киберқауіпсіздік маманы, баламалы энергетика маманы,  нейропсихолог, биоинформатик, бағдарламашы/әзірлеуші, инженер-жобалаушы, 3D-баспа инженері, гендік инженерия маманы, виртуалды шынайылық дизайнері, виртуалды шынайылық сәулетшісі және биофармаколог.

0
0
500

Осы тақырып бойынша