Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біз халықпен біргеміз!»

Осы жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «БАТА ДИЗАЙН» ЖШС, «ОХРАННАЯ КОМПАНИЯ АЛ РУС» ЖШС жұмыс берушілерімен бірге № 172 мектепте «Думан» шағын ауданының тұрғындары мен жалғызбасты аналармен «Біз халықпен біргеміз!» тақырыбында кездесу өткізді.

Салтанатты шараны Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Д.К.Әбуов ашып, қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларды кездесдің мақсатымен таныстырды.

Жұмыспен қамту орталығының маманы М.Д. Тыныбаева 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғап, ол «Шаштараз» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсын бітірген О.Тинимбаева туралы жақсы мысал келтірді.

Демеушілер атынан көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға шағын сыйлықтар ұсынылды, сонымен бірге, «Еңбек» нәтижелі жұмыс қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушы азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

0
0
379

Осы тақырып бойынша

«Біз халықпен біргеміз!» - Yvision.kz