Оқушылар Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығында болды
Кәсіптік бағдарлау оқушылар үшін өте маңызды, себебі олар жақын арада университетке немесе колледжде оқу үшін өздеріне мамандық таңдауы керек.Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары оқу орындарына келіп, оқушылармен әртүрлі мамандықтар, еңбек нарығының жағдайы, ең қажетті кәсіптер мен кәсіп таңдау әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
Жұмыспен қамту орталығының маманы Е.С.Жақыпованың № 123 өткізген ақпаратты-түсіндіретін әңгімелесу өткізгеннен кейін, 20 желтоқсанда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөліміне 9 сыныптың оқушылары келді.
Жоғары сынып оқушылары Е.А.Климовтың әдісі бойынша кәсіптік бағдарлаудан сынақтама өтті. Аталған сынақтама қызметтің әр түрлеріне қарай оқушыларды ынталандыру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сынақтаманы жасөспірімдер мен үлкендерді кәсіптік бағдарлау кезінде пайдалануға болады.Әрбір адам үшін оған жақынырақ болатын жұмыс тақырыбына сәйкес келетін іс-әрекеттердің көп немесе аз айқындалған артықшылығы сипатталады.Бұл белгілі бір мүдделер мен жеке сипаттамалардың басым болуына байланысты.
Оқушылар сынақтан сәтті өтті, нәтижелерімен танысып, пайдалы кеңестер алды.
