Мазмұнға өту
almaty_employment_center

Центр занятости г.Алматы

@almaty_employment_center

Сайтта 2018 ж. 29 қазанКазахстан, Алматы

http://cz-almaty.kz КГУ "Центр занятости населения г.Алматы"

рейтинг

250

жазбалар

72

пікірлер

2

тіркелуші

4

жазылымдар

6

Жұмыспен қамту орталығы электронды еңбек биржасы туралы жұмыс берушілердің есіне салады

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы www.enbek.kz мемлекеттік электрондық еңбек биржасының порталына тіркелуге қатысу үшін мегаполистің жұмыс берушілерімен белсенді жұмыс жүргізеді. Орталықтың мамандары 100-ден астам ұйымды аралады.

Бүгінгі күні www.enbek.kz порталында бүкіл Қазақстаннан 82 000 мыңнан артық жұмыс берушілер тіркелген. Порталды пайдалану үшін жұмыс беруші жеке кабинетін тіркеуі қажет және әрі қарай бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялай алады. Тіркеу тегін.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес (04.07.2018 ж. жағдайына өзгер тулер мен толықтырулармен бірге)жұмыс беруші міндетті: Заңның 28-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес бос жұмыс орындары туралы мәлімет (бос қызмет орны) ұсынады, ал атап айтқанда, Жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы жұмыс орнына келу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек және төлем шарттарын көрсете отырып мәлімет жіберіңіз.

Электронды еңбек биржасы порталының көмегімен:

  • жеке кабинетін тіркеуі және бос жұмыс орындарды орналастыруы;
  • түйіндемелер мәліметтерінің базасына онлайн-мүмкіндік алуы;
  • берілген белгілерге сәйкес (өңірі, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және т.б.),жіберілімдерге жазылуы және өз электронды мекенжайыңызға немесе Telegram мессенджеріңізге түйіндеме порталында қайтадан жарияланған жарияланымдарға жазылуы;
  • Халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы бос жұмыс орындары туралы мәліметті онлайн режимінде беруі;
  • әңгімелесуде шақыртулар мен жауаптар режимін пайдалана отырып, жұмыскерлерді табуы мүмкін.
0
0
564

Жұмыспен қамту орталығы көшпелі азаматтарды қабылдау өткізді

Осы жылдың қараша айында, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ақпаратты-түсіндіру жұмыстары аясында Алматы қаласы Алмалы ауданының Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС), атаулы әлеуметтік көмекті нысандандыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді. 

Екі күндік қабылдау барысында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының (бұдан әрі - Орталық) мамандары 50-ден астам адамды қабылдап, кеңестер берді.

Орталықтың жұмысы туралы, www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс істеу туралы түсіндірілді, бағдарламаның бағыттары, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін басқа да белсенді шаралар туралы толық баяндалды.

Қабылданған азаматтардың ішінде жұмыссыздар, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар болды. Олардың барлығы да сұрақтар қойып, мамандардан кеңестер ала алды. Барлық келушілерге Орталықтың қызметтері туралы және байланыс деректері бар жарнамалар мен брошюралар таратылды.

Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық тілек білдірушілерге мына мекенжайда: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 50 үй, Жібек жолы көшесінің қиылысында орналасқан, Халықты жұмыспен қамту орталығына келуге болады.

0
0
417

Алматы қаласы мектептерінің оқушылары болашақ мамандықтарын таңдау әдісі туралы білді

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр.

Әрбір мектеп түлегінің алдында «Кім боламын?» деген мәселе тұр. Өз мүддесін, қабілеті мен еңбек нарығында қажетті мамандықты ескере отырып, оны дұрыс шешілуі маңызды.

Сонымен, осы жылдың қараша айында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Р.Тұрғынова № 34,46 мектеп-гимназияларына барды.

Іс-шараға 200-ден артық оқушы қатысты. Жоғары сынып оқушыларына әртүрлі мамандықтар,оның ішінде еңбек нарығында әсіресе қажетті ұсынылған мамандықтар, оларды таңдау тәсілі, кәсіптік бағдарлау бойынша тұсаукесер көрсетілді.

Кәсіпті таңдағанда, көптеген адамдар оның беделін, жалақының деңгейін және отбасылық мүдделерін басшылыққа алады: мысалы, «Біздің отбасымызда барлығы заңгерлер!». Көбінесе мамандық таңдау кезінде көптеген туыстар, баланың қабілеттерін және бейімділігін мүлдем елемейді.Мамандық таңдау туралы шешім қабылдау үшін, болашақ мамандықты дұрыс таңдап, оны өмірде іске асыруға мүмкіндік беру үшін өзіңіз туралы, мүмкіншіліктеріңіз туралы, барынша көп ақпарат алу қажет.Осыған байланысты болашақ мамандықты дұрыс таңдау үшін кәсіптік бағдар жұмысы барысында мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлаудың әр түрлі әдістері пайдаланылды, мысалы: Климованың дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы мен кәсіби өзін-өзі анықтаудың формуласы «Қалаймын – Қолымнан келеді - Қажет».

Іс-шара барысында мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытты, сұрақтар қойды, Орталық мамандарымен кеңес өткізді.

Жоғарыда аталған кәсіптік бағдарлау әдістері мен қатар, кәсіби бейімделу үшін танымал Джим Барретт тесті де бар, оны www.enbek.kz электрондық еңбек биржасының веб-сайтында немесе Назарбаев даңғылы, 50,Жібек жолы көшесінің қиылысы, мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығынан алуға болады,  тел .: 341 06 70 (ішкі 1028).

Жұмыспен қамту орталығының мамандарының мектепке баруы–бұл болашақты жоспарлауға, кәсібін саналы таңдау және еңбек қызметінде іске асырға әсер етуші, оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тиімді шарасы болып табылады.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру жеке тұлғаға өзін-өзі анықтауға және кәсіби қалыптасуға, мамандық таңдауда практикалық көмек көрсетуге және кәсіп таңдауға бағытталған және Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

0
0
589

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына Қазақстанның облыс әкімдер орынбасарлары келді

Осы жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына Қазақстанның облыс  әкімдері орынбасарлары және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары келді.

Жұмыспен қамту орталығының директоры қатысушыларды Орталықтың жұмысымен және халыққа қызмет көрсетудің енгізілген жаңа әдістерімен таныстырды.Жұмыс іздеуші өз қалауы бойынша, enbek.kz электрондық еңбек биржасының көмегімен қолайлы жұмыс таңдайды.Кәсіптік бағдар беру бойынша консультациялық қызметтер «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңа электрондық форматта бос жұмыс орындарын тіркеудің оңайлатылған тәртібі персоналды таңдауда физикалық байланыссыз енгізілді. Жұмысберуші бос жұмыс орнын enbek.kz порталына өз бетімен бере алады және жұмыс іздеушіге хабарласады немесе Жұмыспен қамту орталығына хабарласуы мүмкін.

Жұмыспен қамту орталығы өз сайтын әлеуетті кандидаттармен сұхбаталу үшін ұсынады.

Жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті - азаматтарға дер кезінде және сапалы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қажетті жағдай жасау.Жұмыспен қамту орталығы бірнеше бағыттарда жұмыстар жүргізеді: жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтуға әсер етудің белсенді шаралары бойынша қызметтер көрсету, қоғамдық жұмыстар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, сонымен бірге, шағын несие алуға жәрдемдесу, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар, атаулы әлеуметтік көмек.

0
0
428

Шартты-мерзімінен бұрын босаған, сотталушылармен болған кәсіптік бағдарлау

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған сотталушылармен оларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастыру –бұл санаттағы халықтың арасында жұмыссыздықтың өсуіне қарсы тиімді шаралардың бірі.

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қорғау орталығының мамандары 2018 жылғы 2 қарашада «ЛА – 155/13» мекемесіндекәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, жұмыспен қамту орталығына тіркелу, жұмыс іздеу дағдылары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы көрсететін, мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берілді.

Еңбекке ынталандыруды көтеру, жеке кәсіптік дамыту стратегиясын дайындау бойынша ұсынымдар беріліп, Орталықтың буклеттері таратылды.

Кездесуге 23 адам қатысты, оның ішінде 6-ы шартты-мерзімінен бұрын босаған, сотталушылар.  

Сотталушылар талқылауларға ықыласпен қатысып, мерзімі жеткен сауалдар қойды.

Қорытындыда сотталғандарға босағаннан кейін келулері үшін Жұмыспен қамту орталығының байланыстары берілді.

0
0
394

Сотталғандар «Еңбек» бағдарламасы туралы білді

Үстіміздегі жылдың 30 қазанында Кәсіптік бағдарлау бөлімінің меңгерушісі К.Жекетаев жұмыспен қамту мәселесі бойынша, облыстық өңірдегі еңбек нарығының жағдайы және жұмыспен қамту қызметімен ұсынылған мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарментұтқындар алдында сөз сөйледі.

Кездесуде Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару қызметі департаментінің ЛА-155/18 мекемесінен 25 сотталушылар қатысты.

Ол кездесуге қатысушыларды жұмыспен қамту қызметінің мемлекеттік қызметтері мен оларды беру тәртібі туралы хабардар етті, қазіргі уақытта қандай кәсіптер (мамандықтар) сұранысқа ие екенін айтты.

Бұдан басқа, жұмыспен қамту қызметі туралы толық ақпараттармен және Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту Орталығының байланыс деректері бар буклеттер таратылды.

Жұмыссыз ретінде тіркеу тәртібі түсіндірілді, мұндай мәртебені алған кезде мемлекет ұсынған кепілдіктер азаматтарға қалай жұмыс іздеуге қатысты ұсыныстар берді.

Іс-шара барысында жұмысқа орналасудың психологиялық аспектісі туралы толғандыратын тақырыпқа тоқталды, себебі босатылғаннан кейін лайықты жұмысқа қол жеткізу мүмкін емес деген жаңсақ пікір бар.

Тәжірибе көрсеткендей, егер адам жазасын өтеу кезінде абыроймен жүрсе, жұмыспен айналысса, кәсіби білім алып, әлеуметтік пайдалы байланысын жоғалтпаса, онда босатылғаннан кейін жұмыс іздеу мәселесі қиын болмайды.

Тыңдаушылар пікірталасқа қатысып, шұғыл сұрақтар қойды, олардың тезірек жұмыс табуына көмектесетін, еңбек нарығында жеңіл мүмкіндік беретін, осындай іс-шаралар өткізудің өзектілігін атап өтті.

Өйткені, түрмеден босатылғанға дейін жұмыспен қамту мәселесі бойынша сотталғандармен кездесулерді ұйымдастыру осы ортадағы жұмыссыздықтың өсуіне қарсы тиімді шаралардың бірі болып табылады.

Еңбекпен айналыспау бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды толық қоғамдық қатынастарды тез қалпына келтіру мүмкіндіктерінен айырады. Сондықтан, егер ол жеке жинақтарымен, отбасылық қорларымен, кездейсоқ табыстарымен өмір сүріп, тұрақты жұмысының болмауы  - мұның өзі қылмыстың қайталану мүмкіндігін көтеретін,қолайсыз фактор болып табылады.

Еңбек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды бейәлеументтендірудің маңызды факторы, ал олардың еңбек құрылымы - олардың еркіндікте қалыпты өмір сүруіне қайта оралуының басты шарты.

Демек, босатылған кезде сотталғандарға көмек көрсетуден басқа, заңнама бойынша әлі де осы азаматтардың халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алдын-ала жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастырады.

0
0
644

Осуждённые узнали о Программе «Еңбек»

30 октября текущего  года перед заключёнными с информацией по вопросам занятости, о состоянии регионального рынка труда и государственных услугах предоставляемых службой занятости выступил руководитель отдела профориентации К. Жекетаев.

На встрече участвовали 25 осужденных лиц из  учреждения ЛА-155/18 Департамента уголовно-исполнительной службы по городу Алматы.

Он проинформировал участников встречи  о государственных услугах службы занятости и порядке их предоставления, рассказал, какие профессии (специальности) наиболее востребованы в настоящее время.

Кроме того,  были розданы буклеты с подробной информацией об услугах службы занятости и  с контактными данными Центра занятости населения города Алматы.

Был разъяснен порядок регистрации в качестве безработного, гарантии, предоставляемые государством при получении такого статуса, граждане получили рекомендации по самостоятельному поиску работы.

В ходе мероприятия была затронута волнующая тема психологического аспекта трудоустройства, ведь бытует заблуждение, что после освобождения практически невозможно трудоустроиться на достойную работу.

Как показывает практика, если человек вёл себя достойно в период отбывания наказания, был занят на производстве, получил профессиональное образование, не утратил социально-полезных связей, то и после освобождения проблема поиска работы не встанет остро.

Слушатели охотно принимали участие в обсуждениях, задавали наболевшие вопросы, отметили актуальность проведения таких мероприятий, которые дают возможность легче ориентироваться на рынке труда, что поможет им быстрее найти работу.

Ведь организация встреч с осужденными по вопросам занятости перед их освобождением из мест лишения свободы – одна из действенных  мер против роста безработицы в данной среде.

Незанятость трудом лишает освобожденного из мест лишения свободы возможности быстро восстановить в полном объеме общественные связи. Поэтому даже если он живет на личные сбережения, средства родственников, случайные заработки отсутствие постоянной трудовой деятельности - само по себе неблагоприятный фактор, увеличивающий вероятность рецидива преступлений.

Труд важнейший фактор ресоциализации освобожденных из мест лишения свободы, а их трудовое устройство - основное условие возвращения их к нормальной жизни на свободе.

Не случайно, поэтому кроме помощи предоставляемой осужденным при освобождении, законодательство еще предусматривает возможность первоочередного трудоустройства данных граждан через центры занятости населения.

0
0
373

Мансап күні

Осы жылдың  қазанында Алматы технологиялық университетінде АТУ түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі – "Мансап күні" атап өтілді. 

Іс-шараның бастымақсаты– бітіруші курс студенттерінің жұмыс берушілерімен және Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен кездесу.Ең лайықты жас маманды таңдап алу мүмкіндіктері жұмысберушіге жұмысқа алмас бұрын оның әлеуетін толық бағалауға мүмкіндік береді.Студенттер, өз кезегінде, қазіргі уақытта өз мамандықтарының сұранысы туралы, осы жылы жұмыс берушілер бос орындар туралы ақпарат алады.

Жәрмеңкеге келесі  компаниялар шақырылды: «AidaKaumenova» сән үйі, «Tengriladesign», «Jenny», «Rise», «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы», «Еркенұр» ЖШС, «Profimoda»,«Firmkazcentre» және басқалар.

Студенттер алдында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының өкіліЕ.С. Жақыпова жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы, жастар тәжірибесі туралы таныстырылыммен, сонымен бірген, жұмысқа өтініш беру кезінде негізгі ережелер туралы, қысқаша түйіндемені қалай дайындаудың қажеттігі, сұхбаттасу туралы толығырақ айтып берді. Жәрмеңкеге университеттің 120 түлегі қатысты. 

0
0
431

Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жастар үйі» түлектеріне арналған семинар өткізді

Жеке сұранысын ескере отырып, кәсіби кеңес беріп, үміткерлердің психологиялық мінездемесі, кәсіби мамандықты таңдаған кезде кәсіби диагностикаға тестілеуді ұйымдастырады. 

Осы жылдың қазан айында ӘМТБжҚО «Жастар үйі» КММ жетім балалармен келесі тақырыпта семинар өткізді: «Тиімді жұмыс іздеу және мансапты жоспарлау».

Семинарға «Жастар үйі» КММ-ң 25 тәрбиеленушілері қатысты.

Семинарға Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері мен «Кәсіпті таңдау орталығы» ЖШС басшысы Ж.Кәрімов қатысты. 

Сөз сөйлеушілер жұмыспен қамту қызметінде кәсіптік бағдар берудің негізгі міндеттерін талқыладыжәне ағымдағы және болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңсіздікті азайтуға бағытталған.Кәсіптік даярлау жүйесін жетілдіру, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және жұмыссыздарды және халықтың басқа санаттарын әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін дамыту мәселелерін түсіндірді.

Семинар соңында қатысушыларға сұрақтар қойылды және осы сұрақтарға сәйкес жауаптар берілді.

0
0
587

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы туралы

 Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталық қызметінің қағидаттары:

- кәсіпқойлық – бекітілген тәртіпке сәйкес сапалы және уақтылы қызмет көрсету, кәсіби білім берудің жоғары деңгейі;

- клиентке бағдарлану – өтініш білдірген адамдардың қажеттілігін айқын түсіну, оларға қызмет көрсетудің жоғары сапа деңгейі;

- көрсетілетін қызметтердің жан-жақтылығы – халықты жұмыспен қамту орталығында «бір байланыс» қағидатын іске асыру арқылы өтініш білдірген адамдарға қызмет көрсету;

- көрсетілетін қызметтердің кешенділігі – өтініш білдірген тұлғалардың қажеттілігін барынша қанағаттандыру мақсатында олар үшін қызметтер жиынтығын көрсету;

- бизнес-үдерістерді жеңілдету – өтініш білдірген адамдарға қызмет көрсетудің әсіресе тиімді тәсілдерін, оның ішінде жеке байланыстарды барынша азайту үшін электронды технологияларды пайдалану.

 Жұмыспен қамту орталығы келесі қызметтерді көрсетеді:

Азаматтар үшін:

- өтініш білдіргендерді жұмыс іздеушілер және жұмыссыздар ретінде тіркеуге алу;  

- лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама беру;

- кәсіптік бағдарлау жүргізу;

- әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына (уақытша жұмыс орындары) жолдама беру;

- шағын несиелеу бойынша кеңестер беру;

-жұмыс күшінің жұмылғыштығы үшін өз еркімен қоныс аударушыларға жәрдемдесу;

- атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Жұмыс берушілер мен инвесторлар үшін:

- қажетті қызметкерлерді таңдауда жәрдемдесу.

 Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 184 бұйрығына сәйкес Алматы қаласы жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау бойынша пилоттық жобаға енгізілді.

Халықты қабылдау тұрғылықты жеріне қарамастан, мына мекенжайдағы жаңа бизнес-офисте жүзеге асырылады: Алматы қаласы,  Назарбаев даңғылы, 50/ Жібек  жолы көшесінің қиылысы. Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін аудандық ХҚО-да қызмет көрсетудің жаңа әдістері енгізілген.

Өз өзіне қызмет көрсету аймағы ашылды, мұнда жұмыс іздеуші өз еркімен  enbek.kz интернет-порталы арқылы лайықты жұмыс таңдауды іске асыра алады. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес кәсіптік бағдарлау бойынша кеңес беру қызметтері көрсетіледі.

Жаңа электронды форматта персоналды таудау кезінде жеке байланыссыз тіркеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген. Жұмыс беруші ендігі жерде enbek.kz порталына өздігінен бос орынды жариялай алады және өзі жұмыс берушіге шығады немесе Жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті кандидаттармен сұхбаттасу өткізу үшін өз алаңын ұсынады.

0
0
914