Павлодар «Қазақстанның» назарында
1965 жылы 7 қарашадаПавлодар телестудиясы тұңғыш рет эфирге шықты. Содан бері өңір журналистері өз міндеттерін тынбай атқарып, ақлың жұртшылыққа хабар таратып келеді. Қазіргі «Қазақстан-Павлодар» - толықтай жаңарған, жаңа бетбұрыс, жаңа қарқынмен жұмыс істеп тұрған ірі арна. Назарларыңызға біздің эфирден көрсетілетін Павлодардың тыныс-тіршілігін сөз қылатын 5 бағдарлама туралы ақпарат ұсынамыз. Өндірісті өлке Аймақтағы өркен жайған өнеркәсіп орындарының, шағын және орта кәсіпкерлердің тыныс-тірлігін көпшілікке таныстыру. Өндірістегі еңбеккердің жаңа заман талабынан шығуын және жаңа үрдіспен еңбек етуін әңгімелеп, еңбек процесінің жаңашылдығын таныстыру. Осы өнеркәсіптер мен кәсіпорындардың жаңа жұмыс орындармен қамтамасыз етуін ортаға салу. Шағын және орташа кәсіпкерлік бағытында ашылып,…


