Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Байқоңыр» мен «Қорқыт» кешені – Қызылорданың бренді

Бұл нысандар сондай-ақ, халықаралық EXPO-2017 көрмесінде Қазақстанның айтулы да айшықты орны ретінде паш етілмек.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы мен «Қорқыт» кешені – Қызылорданың бренді. Бұл нысандар сондай-ақ, халықаралық EXPO-2017 көрмесінде Қазақстанның айтулы да айшықты орны ретінде паш етілмек. Бүгінде аталған объектілердің тартымдылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

«Аймақта 13 туристік фирма қызметі жолға қойылған», дейді облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Телман Сүлейменов.

Бүгінде бүйірдегі Байқоңыр брендін Қазақстанның әлемде теңдесі жоқ әрекет алаңына айналдыруда жаңа идея, нақты жоспарлар жүзеге асуда. Өңірдің туристік мүмкіндіктерін алға адымдату мақсатында 4 инвестициялық форум, «Қызылорда-Қорқыата-Байқоңыр» бағытында ақпараттық-танымдық тур ұйымдастырылды.

Басқарма өкілдері Гонконг пен Лондонда өткен халықаралық көрмелерге қатысып, облыс туралы ақпараттық-жарнамалық өнімдермен таныстырыпты. Әрине, осы істердің ілгері жылжуы үшін күре жолдың бойы дамуы тиіс. Инфрақұрылым жетілдіріліп, кәсіпкерлік қанат жаюы қажет.

Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында жол мен кәсіпкерлік саласына басым маңыз бергені белгілі. Осы ретте де атқарылып жатқан тірліктер турасында тиісті басқарма басшысы жан-жақты айтып берді.

Анықтама: EXPO  2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын халықаралық көрме.

Ұйымдастырушылар Future Energy (Болашақ қуаты) тақырыбын таңдап отыр.

Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды.

EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

0
0
995

Осы тақырып бойынша

«Байқоңыр» мен «Қорқыт» кешені – Қызылорданың бренді - Yvision.kz