Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Білгірлер бәйгесі». 16 топ үздік шықты

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен шығатын «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды бағдарламасының екінші айналымға шыққан 16 тобы белгілі болды. Рахман Омар жүргізетін бұл жобаға тапқыр, көңілді, тату отбасылар қатысып, бағы мен бабын ортаға салған болатын. «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік шоуы басталғалы бері бірнеше топ сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты. Олар тек білімдерін ғана емес, тапқырлық пен талант жағынан қандай деңгейде екендіктерін көрсетіп, жұрт алдына шықты. Айта кетейік, хабарға еліміздің әр аймағынан 30 әулет қатысты. Барлық топ арасында 15 іріктеу ойыны өтіп, жеңімпаз 15 топ екінші айналымға жолдама алды. Ал, жеңілген 15 топтың ішінен ұпай саны ең жоғары топ іріктеліп алынады. Сонымен, екінші айналымда 16 топ сегіз ойын өткізеді. Жеңімпаз 8 топқа ширек финалға жолдама бер…

0
0
1343

Петропавлда Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті

Петропавл қаласында Қазақстан полициясы күніне, сондай-ақ, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 90 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Ерік Сұлтанов, олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов қатысты. Салтанатты шара аясында үздік деп танылған тәртіп сақшылары марапаттауларға ие болды, сондай-ақ, бірнеше құқық қорғау қызметкері кезекті қызметтік шендерін алды. Сонымен қатар, бұл күні күш құрылымдары арасында өткізілген жазғы спартакиаданың жеңімпаздары жарияланды. Салтанатты шараға қатысқан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жиналғандарды Қазақстан полициясы күнімен және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 90 жылдығымен құттықтап, тәртіп сақтау саласын…

0
0
284

Арқалықта жасалған: Сұранысқа ие сапалы өнім

Бүгінгі күні Қостанай өңіріндегі шағын қалалардың жағдайы түзеліп, шырайланып, халықтың жағдайы артып келеді. Оған мемлекет тарапынан көрсетіліп отырылған қолдау мен жергілікті тұрғындардың ел болашағына бей-жай қарамай, Республика экономикасын дамытуға үлес қосып отырғандары дәлел. Шағын және орта бизнеске бюджеттен бөлінген қаржыны дұрыс пайдаланып, «Арқалықта жасалған» деген жазуы бар өнімдер шығаратын кәсіпкер азаматтар аймақтың ажарын кіргізіп, еңсесін көтеруде үлкен рөл атқарып отыр. Мәселен, Арқалықтың тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың мол мүмкіндігін тиімді пайдаланып, отандық өнімнің үлесін арттыруда. Родина аулының тұрғыны Санжар Шаубай тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, шағын цех ашты. Бүгінде оның сапалы өнімдері сұранысқа ие. Санжар Шаубай өз жеке кәсібін ашуды көпте…

0
0
323

«Сырғалым» телехикаясы жаппай сатылымға шықты

Алматыдағы баспасөз мәслихатына Ұлттық арна директоры, Ілияс Ысқақов, қоюшы-режиссер Рашид Сүлейменов, актриса Жұлдыз Маханова қатысты. Бүгін Алматыда «Сырғалым» телехикаясының ресми DVD-басылымының жарыққа шығуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Шараға «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры Ілияс Ысқақов, қоюшы-режиссер Рашид Сүлейменов, «Көркем фильм» кинокомпаниясының бас продюсері Ильхам Джалилов және басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова қатысты. Айта кету керек, «Сырғалым» телехикаясы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясымен түсірілген. Телехикая Ұлттық арна эфирінен алғаш рет 2014 жылы көрсетілді. Туынды аз уақыт ішінде миллионнан астам көрермен аудиториясын жинап, республика тарихында үздік телеөнімдердің қатарына қосылды. «С…

0
0
362

«Сырғалым» телехикаясы жаппай сатылымға шықты

19 маусым күні Алматыда «Сырғалым» телехикаясының ресми DVD-басылымының жарыққа шығуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. БАҚ өкілдеріне арналған шараға «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры Ілияс Ысқақов, қоюшы-режиссер Рашид Сүлейменов, «Көркем фильм» кинокомпаниясының бас продюсері Ильхам Джалилов және басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова қатысты. «Сырғалым» телехикаясының «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясымен түсірілгенін атап өту қажет. Бағдарлама «Қазақстан» телеарнасының эфирінен алғаш рет 2014 жылы көрсетілді. Туынды аз уақыт ішінде миллионнан астам көрермен аудиториясын жинап, республика тарихында үздік телеөнімдердің қатарына қосылды. 2015 жылдың 3 наурызында «Қазақстан» ұлттық арнасы телехикаяның екінші маусымын к…

0
0
530

Арыстықтар өнерін көрсетті

«Мәдениетім – мерейім» фестивалінің кезекті күні Арыс қаласына тиесілі болды. Жаңа іскерлік орталықтағы алаңда 350-ден аса өнерпаз өнерін көрсетті. Елімізде биыл аталып өтетін бірнеше мерейлі мерекер концерттік бағдарламаның басты тақырыбына айналды. Дарын иелері мен тума таланттардың өнеріне сусындап қалған халық көңіл көтеріп, елдің ықыласына бөленді. Осы жылы ұйымдастырылған «Мәдениетім - мерейім» фестивалі аясында түрлі тақырыптар қамтылды. Олардың қатарында ел ішінде салмақ пен маңызға ие Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Ата заңымыз бен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі секілді атаулы бағыттар бар. Арыс қаласында 4 этно-мәдени орталық бар. Бүгінгі фестивальге өзге ұлт өкілдері де арнайы келді. Тарихи тағдыр біріктірген елге алғыс ретінде олар төл өне…

0
0
234

19 маусым — «Шоқан» қойылымының тұсаукесері

Бүгін Қаллеки театрында халық назарына ұсынылатын «Шоқан» қойылымының тұсаукесеріне тек актерлер ғана емес, музыка, жарық беру, декорация мен бутафория мамандары атсалысуда. Театр тігіншілері де қызу дайындық үстінде. Бүгінгі тұсаукесерге санаулы уақыттың ішінде екі құрамға бірден киім тігу оңай шаруа емес. «Шоқан» қойылымының кейіпкерлері өте көп. Біз әртістердің әрқайсысының дене бітіміне шақтап тігу керекпіз және ол тек суретшінің үлгісі бойынша тігіледі»,-дейді тігін цехының меңгерушісі Гүлайхан Мырзахмет. Нұрлан Жұманиязов – сахналық түрлі тәжірибе жасау арқылы қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген режиссер. Бұл пьесаны ол екі шығармадан құраған. Сондай-ақ, Шоқан Уәлихановтың естелік хаттары мен орыс тілінен тәржімаланған Жарылқап Бейсенбайұлының аудармалары пайдаланылған. Туынды қазақтың…

0
0
734

Сұлтан Хан Аққұлы: Кенесарының бас сүйегін ойып, күлсалғыш қылды деген алыпқашпа әңгіме

Қазақта ел үшін, жер үшін басын саудаға тігіп, ат үстінен түспей, екі оттың ортасында қалса да, халықты қалай құзға құлатпай, жарға жықпай, аман алып қаламын деген ерлер жетерлік. Солардың ішінде ұлт алдында мәртебесі бөлек, қадірі ерекше, құрметке айрықша бөленетін бір тұлға бар. Ол – Хан Кене, Кенесары Қасымұлы. Apta.kz өмірінің соңғы сәтіне дейін сырттағымен алысып өткен батыр, қазаққа қиын-қыстау кезеңде басшы болған баба туралы бағдарлама әзірледі. Назарларыңызға ұсынамыз. «Алашта Кенекеме ер жетпейді!». Мағжан Жұмабаевтың жыры ойға оралған сайын тарихи шындыққа тағы бір мәрте қаныға түсеміз. Тәуелсіз еліміз ұлттық тарихымыздағы тағылымды күн - Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге әзірленуде. Мерейтойды өткізудің тұжырымдамасы мен іс шаралар жоспары жасалғаны белгілі. Биыл жыл ая…

0
0
931

«Қазақстан Барысы» турнирі 4 шілде күні өтеді

Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, жыл сайын көптің делебесін қоздырып, рухтандырып келе жатқан «Қазақстан Барысы» турнирінің өтетін күні белгілі болды. Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің бесінші финалдық додасының өтетін күні Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралардың тығыздығына байланысты басқа күнге ауыстырылды. Осылайша, алтын «Тайтұяқ» пен чемпиондық белбеу иегерін, сондай-ақ, жылдың үздік жеңімпаз балуанын анықтайтын «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық жарысы Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде 4 шілдеде өтеді. Еліміздегі ең ірі дода «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық жарысына кіру билеттері келесі аптадан бастап сатылымға түспек. Жоб…

0
0
646

«Дала дауысы» радиофестиваліне өтінімдер қабылдау басталды

Достар, тамаша жаңалығымызбен бөлісе отырайық: Қазақ радиосы халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің IV маусымына өтінімдер қабылдауды бастады. Әртүрлі жылдардағы қазақ әнінің фестивалі ретінде ойластырылған жоба қазақ әнінің халықаралық деңгейдегі заманауи, бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттауды мақсат етеді. Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі дүниежүзі елдері арасында өткізіледі. Фестивальда әнді жазушы тұлғалар (композитор, ақын, өңдеуші) емес, тек орындаушылар ғана марапатталады. Қатысушыларға : - Қазақтың халық және халық композиторларының әндерін (дәстүрлі әндер); - Академиялық бағыттағы қазақ композиторларының әндерін (қазақ операларынан ариялар, жекелеген әндер); - Заманауи әндерді (эстрадалық), түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, еуропалық академиялық, эст…

0
0
378