Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қарағанды облыстық жедел-жәрдем қызметінің автопаркі жаңа көліктермен толықты

Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында жедел-жәрдем қызметінің автопаркі 13 реанемобильдік және 24 санитарлық көліктермен толықты. Жаңа авто бригада дәрігерлері Қарағанды ғана емес, Теміртау, Жезқазған, Балқаш пен Шахтинск қалалары тұрғындарының да денсаулығының жақсы болуына қызмет етеді.

Облыстық жедел-жәрдем қызметінің автопаркі 37 көлікпен толықты. Олардың 13-і реанемобильдік және 24 і санитарлық көлік. Бұл техникаларды алу үшін бюджеттен 125 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жаңа «Жедел жәрдем» бірегей құрылғылармен жабдықталған. Мына реанимобиль орталық медициналық жедел-жәрдем станциясына жіберіледі. Бұл аймағымыздағы эбола, МЕРС  секілді жұқпалы вирустық ауруларын анықтай алатын бірегей капсула.Яғни нағыз герметикалық құрылғы.

Жиырма сегіз көлік облыс орталығында қалатын болады. Бұл облыстық жедел жәрдем қызметі станциясының жұмысын жасақтауға зор мүмкіндік береді. Қалған медициналық бригадалар Теміртау, Жезқазған, Балқаш және Шахтинск қалаларының халқына қызмет көрсететін болады.

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде бірқатар бұрынғы КСРО елдерінде дәстүр бойынша Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл жылы аталған мереке 21 маусымға тап болып отыр. Заманауи медицина адам денсаулығын қалпына келтіріп, бақылап отыруды ғана емес, оны дамытып, жақсарту мақсатында да үлкен істер атқарып жатыр. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ұжымы кез келген адамды шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап қамқорлығына алатын осы бір ұлы саланың мамандарын шын жүректен құттықтайды!

0
0
290

Осы тақырып бойынша

Қарағанды облыстық жедел-жәрдем қызметінің автопаркі жаңа көліктермен толықты - Yvision.kz