Павлодар «Қазақстанның» назарында
1965 жылы 7 қарашадаПавлодар телестудиясы тұңғыш рет эфирге шықты. Содан бері өңір журналистері өз міндеттерін тынбай атқарып, ақлың жұртшылыққа хабар таратып келеді.
Қазіргі «Қазақстан-Павлодар» - толықтай жаңарған, жаңа бетбұрыс, жаңа қарқынмен жұмыс істеп тұрған ірі арна. Назарларыңызға біздің эфирден көрсетілетін Павлодардың тыныс-тіршілігін сөз қылатын 5 бағдарлама туралы ақпарат ұсынамыз.
Өндірісті өлке
Аймақтағы өркен жайған өнеркәсіп орындарының, шағын және орта кәсіпкерлердің тыныс-тірлігін көпшілікке таныстыру. Өндірістегі еңбеккердің жаңа заман талабынан шығуын және жаңа үрдіспен еңбек етуін әңгімелеп, еңбек процесінің жаңашылдығын таныстыру. Осы өнеркәсіптер мен кәсіпорындардың жаңа жұмыс орындармен қамтамасыз етуін ортаға салу. Шағын және орташа кәсіпкерлік бағытында ашылып, игілігін халық көріп жатқан өндірістердегі еңбек үрдісін көрсету.
Барған кәсіпорындар мен өндірістегі жаңа технология, жаңа ізденісті таныстыру. Онда еңбек ететін жұмысшылардың қол жеткізген табыстары мен жетістіктерінен әңгіме айту. Жетістіктердің себебі мен салдары сөз болады. Жаңа техникалармен еңбек етудің артықшылығы жайында да әңгіме болады.
Айына бір рет, қазақ-орыс тілдерінде шығады. Ұзақтығы – 20 минут. Жүргізушісі Құралай Рақымжанова.

Ертіс таңы
«Таңғы саз» ертеңгілік ақпаратты-сазды телебағдарлама бір сағат бойы әсерлі де пайдалы ақпараттарға толы бейнесюжеттер дайындап, телекөрермендерге ұсынады. Атап айтар болсақ, бой сергіту жаттығулары, астроболжам, ауа райы, влюта бағамы, көңілді ән мен күй жұмыс алдындағы еңбек адамын серпілтетіні сөзсіз. Хабарда әр түрлі тақырыптарға арналған «пайдалы кеңестер» әзіл-оспақ, кішкене бөбектерге мультфильмдер беру де назардан тыс қалмаған.
Бағдарламаның мақсаты- бой сергітіп, әдемі ән тыңдау, қажетті ақпараттарды ескеру.
Қазақ және орыс тілдерінде аптасына бір рет шығады, ұзақтығы – 1 сағат 30 минут. Жүргізушілері Естай Рысбек,Мөлдір Қазымбет, Серік Тоқай және Айзат Қожабекова.
Ауыл тынысы
21-ғасырдағы облыс ауылдарының бүгінгі келбеті және ауылдарды өркендету бағдарламасының орындалуы, елді-мекендердің тыныс-тірлігі және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық хал –ахуалы сөз болады. Әрбір айда әр аудандағы бір елді-мекеннің тұрмысын, ауыл тұрғындарының хал-ахуалдарын, әлеуметтік жағдайын жұртшылыққа көрсету -бағдарламаның басты міндеті.
Іссапарға барған ауылдың бет-бейнесін бейнетаспаға түсіріп, жалпы телекөрерменнің назарына ұсынғанда ауыл өмірінің барлық қырын көрсете білу. Елді-мекеннің тыныс-тірлігі және ауылдағы әлеуметтік жағдайды аша білу. «Ауылын көріп, азаматын таны» демекші, ауыл тұрғындарынан тыныс-тірлігіне зер салып, оны көгілдір экраннан көрсету арқылы бүгінгі ауылды таныту.
Айына бір рет шығады, ұзақтығы – 15 минут.
Таным
Өлкеміздегі бұрындары өмір сүрген танымал тұлғалардың өнердегі өмірін,шығармашылығын насихаттау басты міндет. Аймағымызға ғана емес, тұтас елімізге өнерімен өмірімен белгілі болған адамдардың өнербаянын көпшілікке таныту, кеңірек мәлімет беру.
Хабар тағы бір кейіпкерлері мәдениет саласының түрлі өкілдері:әнші, ақын, күйші, суретші, мүсінші, биші т.б.
Хабар айына 1 рет эфирге шығады. Телевизияның техникалық мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, түсірілімдердің құлпыртып берілуі,тартымды шығуы басты назарда болады.
Айына 2 рет эфирге шығады, ұзақтығы – 15 минут.
Руханият

Бұл бағдарлама жұртшылықтың діни сауаттылығын арттыру, діни түсінігін кеңейту және қасиетті құранның сүрелерін түсіндіруге арналған. Павлодар мешіттерінен имамдар, наиб-имамдар шақырылады.
Ұзақтығы – 20 минут, эфир күні – жұма.
«Қазақстан Павлодар» арнасын көріңіздер!
