«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері марапатталды
Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Мұхамеджанова құттықтау сөзімен ашты. Шара барысында еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Олар: Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Олжабайқызы Жүнісова және «Аptа.kz» бағдарламасының арнайы тілшісі Әлімжан Сабыржанұлы. Сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алды. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Корпорац…









