Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Индира Бектенова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды

Қазақстанда 28 маусым күні аталып өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесінің қарсаңында Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ-тың қазіргі қоғамдағы маңызды орнын атап өтті. Ол бұқаралық ақпарат құралдары елдің әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістіктегі орнын анықтап, әр мемлекеттің ішінде ғана емес, елдер мен халықтар арасындағы қоғамдық қатынастардың дамуына әсер ететіндігін айтты. Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын министр А. Мұхамедиұлы табыстады. Мекеме басшысы мәдениет…

0
0
1414

«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды

Құрметті оқырмандар, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Алаң» тоу-шоуының тележүргізушісіне кастинг жариялады. Үміткерлерге қойылатын басты талап - саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптай білуі, сондай-ақ сценарий жазуда жоғары білімге ие болуы. Мамандығы саясаттанушы болғаны құпталады. Үміткерлердің жасына қойылатын талап – 30 бен 50-дің аралығы. Кастингке қатысып, бақ сынап көремін деген азаматтарды 2015 жылдың 29 маусымында сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» күтеміз. Кастинге қатысу үшін үміткер міндетті түрде алдын-ала тіркелуі керек. Кастингке жауапты тұлға: Мақпал Буралкиева Кастингке тіркелу үшін немесе қандай да бір сұрақтарыңызға жауап алу үшін +7 7172 55 33 68 телефонына хабарласа аласыз немесе [email protected] электронды поштасына ха…

0
0
218

«Қорғансыздың күні»

Жастайынан қорлық көрген келіншек бүгін «Әйел бақытында» сырымен бөліседі. Қоғамның ең басты құндылығы – отбасы. Ал, отбасы мен мемлекеттің тірегі – әйел. Кез келген өркениетті елде ешбір зорлық-зомбылық көрмей, еркін өмір сүру – адамның негізгі құқықтарының бірі.

Бұл ерлер үшін де, әйелдер үшін де бірдей. Алайда, бүгінгі қоғамда жарынан, жақындарынан, тіпті жай ғана таныстарынан зорлық көріп жүрген жандар да бар. Мұндай жағдайға душар болған әйелдерге бірінші кезекте жақындары көмек қолын созуы керек.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» жастайынан  қорлық көріп, танысынан опық жеген келіншек жан сырымен бөліспек. Екі рет зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кейіпкер қылмыскердің Заң жүзінде жазаланғанын қалайды.

0
0
366

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған концерт өтеді

Елордада қазақтың әйгілі дирижері, композитор, күйші, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 90 жыл толуына орай концерт ұйымдастырылып жатыр. 6 шілде күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында әйгілі композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған «Жүрегім менің» атты концерт өтеді деп хабарлайды astana.gov.kz. Кеште композитордың көпке танымал туындыларын Симфониялық оркестр мен Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі орындайды. Ал, оркестрге Халық қаһарманының қызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева дирижерлік етеді. Концертке Роза Рымбаева, Майгүл Қазтұрғанова, Еркін Шүкіманов, Сүндет Байғожин, Мәдина Сәдуақасова және «МузАРТ» тобы сияқты отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Сондай-ақ, шара барысында қазақ м…

0
0
915

М.Әуезов театры «Сахнадан сәлем!» театр фестиваліне «Қорқыттың көрі» қойылымымен келді

Астанада 22-28 маусым аралығында өтіп жатқан III халықаралық «Сахнадан сәлем!» театр фестиваліне келген Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері Елік Нұрсұлтан және актер Дулыға Ақмолда «Таңшолпанда» қонақта болды. «Біз фестивальге «Қорқыттың көрі» атты қойылыммен келіп отырмыз. Режиссері – литвалық Йонас Вайткус. Спектакльді кеше көрермен назарына ұсындық. Халық жақсы қабылдады. Театр мамандарының да пікірі оң болды», - дейді Дулыға Ақмолда. Оның айтуынша, аталған қойылым Ресейдегі Қазан қаласында ұйымдастырылған түркі тілдес халықтар фестиваліне қатысып, жоғары бағаға ие болған екен. «Бұл фестивальге қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Алайда, шетелге шығып, Қазақ елін таныстыру жауапкершілік жүктейді. Сол себепті, ол жақтан да табысты қайтқанымызға өт…

0
0
459

Бүгін – Сейіт Қасқабасовтың туған күні

Сейіт Қасқабасов – қазақтың біртуар тұлғаларының бірі. Ол әдебиеттану әлеміндегі ізденістері мен тың жаңалықтарға толы зерттеулері арқылы танылды. Ғалым, фольклортанушы Ақеділ Тойшан ғалым турасында: «Бұл кісінің ерекшелігі – «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты 10 том еңбекті жазып шықты. Бұл – Мұхтар Әуезовтен кейін орындалған еңбек. Сейіт Қасқабасов – қазаққа халық мұрасын ғылыми тұрғыда қайтарып берді. Ал, «Бабалар сөзінің» 100 томдығы – әлемде теңдесі жоқ мұра», - дейді. Ғалым 1940 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтын, ал 1967 жылы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. Алғаш еңбек жолын Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшы әрі «Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары» атты…

0
0
1451

Марат Омаров: Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық қоғамын құрудағы көздегеніміз – қазақты әлемге таныту

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров және Халықаралық конкурстардың бас жүлдегері Бибімәриям Омарова «Таңшолпанда» қонақта болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық, ынтымақтастық, мәдени қоғамы құрылды. Аталған ұйымның қазіргі уақытта жүзеге асырып жатқан істері мен жаңалықтары туралы бағдарлама төрінде қор төрағасы Марат Омаров әңгімелеп берді. Оның айтуынша, ұйым Анталиядағы қазақ ұлтының салт-дәстүрін, қлттық құндылықтарын, мәдениетін және қолөнеріп дәріптеу мақсатында құрылыпты. «Біз мұны «100 нақты қадамның» ішіне кіреді деп ойламаған едік. Себебі, көздегеніміз – достық көпірін салу, қазақты әлемге таныту. Сондай-ақ, қоғ…

0
0
421

«Қазақстан Барысы» турнирінің билеттері сатылымға түсті

Шілденің 4 күні қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері өтеді. Жалпыұлттық жоба аясындағы осы дәстүрлі турнирдің билеттері сатылымға түсті, деп хабарлайды «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі. Билеттердің құны: 1 мың, 3 мың және 5 мың теңге. Сондай-ақ, сатылған билеттер арқылы жүлде ойнатылмақ. Бас жүлдеге автокөлік қойылған. Билеттер Астана қаласындағы кассаларда және «Меломан» дүкендер желісінде сатылады. Еске сала кетейік, бұған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі бесінші финалдық додасының өтетін күні Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралардың…

0
0
318

Талғат Қожабаев: Біздің мақсатымыз – қоғамның полицейлерге деген сенімін арттыру

Қазақстан Республикасында 23 маусым күні полиция қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Осыған орай «Қазақстан» ұлттық арнасының эфиріне шығатын «Таңшолпан» таңғы бағдарламасында Астана станциясындағы Ішкі істер Желілік басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Қожабаев қонақта болды. «Бізде түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Ондағы мақсатымыз – қоғамның полицейлерге деген сенімін арттыру. Аптасына бір рет қызметтік даярлық сабақтары өтіп тұрады. Бүгінде заңдар да көп өзгеріп жатыр. Соған орай сынақтар аламыз. Қызметкерлеріміз Астана қаласының әуежайы мен теміржолындағы қоғамдық тәртіпті сақтау, жолаушылардың құқығын қорғау мақсатында жұмыс істейді», - дейді Талғат Қожабаев. Оның айтуынша, бүгінгі күні полиция мамандығына деген жастар қызығушыл…

0
0
377

Отандық өнімдерді тұтынасыз ба?

«Қазақстанда жасалған» өнімдер туралы бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарынан көріңіз. Бүгінде «мемлекет асырасын» деп емес, тиімді табыс көзін тауып, отандық шикізаттан сұранысқа ие өнім шығарып отырған жандар баршылық. Қолынан іс келетін әр адам барынша кәсіп ашуға тырмысып бағуда. Бұған билік тарапынан қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың да көмегі орасан. Күнделікті өмірде азық-түлік пен тұрмыстық заттарды таңдауда ел азаматтарының отандық өнімдерді көптеп алу арқылы да «Қазақстанда жасалған» брендін насихаттауға болады. Әр тұтынушы керегін отандық өнімнен алса, бұл – оның ел экономикасына қосқан тамшыдай үлесі болмақ. Жалпы, сіз «Қазақстанда жасалған» өнімдерді қолданасыз ба? Шетелдік өнімдерден артықшылығы бар ма? Тиыннан теңге жасай білген жандардың құпиясын бүгін 15:00-…

0
0
615