4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана» балалар байқауының финалы өтеді
Байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 4-6 шілде аралығында Астанада «Аялаған Астана-2015» жас поп-орындаушылардың Ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының финалы өтеді.

Үш күнге созылатын жарыста қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды. Үздік шыққан орындаушы «Балалар Жаңа толқыны» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Сондай-ақ, арнайы ақшалай жүлде - 1 миллион теңгеге ие болады. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен Астанаға жиналған талантты балалар өнер майталмандарынан дәріс алуда. Айта кетейік, байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
