Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңбырдың жауғанында байқамаймын

Жаңбырдың жауғанында байқамаймын,
Сүйемін деп мына өмірге айқайлаймын.
Жаңбырдың тамшылары сүйседағы,
Жаурадым деп бірақта айталмаймын.

Сезімнің жолынан мен қайталмаймын,
Өзіңді сүйемін деп қайталаймын.
Өткізбес қия - шыңы кездесетін,
Кедергі болсадағы тайсалмаймын.

Өйткені мен жүрекпен сүйеаламын,
Жүрекпен сезгенімді көреаламын.
Сезімді жолдас қылып тағдырыма,
Жүректегіні жүрекпенен береаламын.

 
0
0
352

Осы тақырып бойынша

Жаңбырдың жауғанында байқамаймын - Yvision.kz