Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кезіксең біздің жақтың тентегіне

Кезіксең біздің жақтың тентегіне,
Қарамастан сөзінің келтесіне.
Жаргон айтып сөз бұзар қылғымен,
От жағар ау тілінің білтесіне.

Осы күні сөздері оңды солды,
Жаргон айту жастарға жарғы болды.
Ауы үлкен шалбарды киіп алған,
РЭП айтқан жырауға көше толды.

Абай сөзі біздерге болса өсиет,
Адамдықтың белгісі бұл қасиет.
Жаргон - РЭП айтқызған жастарыма,
Қайдан келді көшеме бұл мәдениет ?

 
0
0
278

Осы тақырып бойынша

Кезіксең біздің жақтың тентегіне - Yvision.kz