Ғашықпын әлі күнге ұмытқаным жоқ
Ғашықпын әлі күнге ұмытқаным жоқ,
Өзімше жүре берем ұмытқан боп.
Ұмытқым келседағы шыныменен,
Қойатын бұл сезімге сұрағым көп.
Неліктен бізден кеттің ұлы сезім,
Неліктен көрді ау сені мына көзім.
Сағынып қалғанмын ба сені жаным,
Жүректен кетіп қалды тоқтар төзім.
Төзімді ұрлап кеткен сенің көзің,
Түсімде қол бұлғайсың сенің өзің.
Сағынғаннан өзіңді күні - түні,
Құлағымда жаңғырды айтқан сөзің.
