Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заман дейміз өзгерткен адамдарды

Осы күннің өлеңі қыздар жайлы,
Бұрынғының өлеңі жылдар жайлы.
Жылдар өтіп өзгерген адамдарды,
Жазар едім өлеңге әттең сия майлы.

Өзгермес ау көңілдер өтсе жылдар,
Өзгермейді өлеңдер болса тыңдар.
Өтсе уақыт өзгермес адамдарда,
Өзгермеген өмірде айтшы кім бар ?

Гүлін алып гитарамен әнін шерткен,
Бұрынғының қыздары жігіттерден сезім күткен,
Көлігі бар қолына айфон ұстар,
Кәзіргінің қыздары байларға тиіп кеткен.

Заман дейміз өзгерткен адамдарды,
Пейілдері өзгеріп жамандады.
Сезім емес дүние қудыратын,
Талабы ма заманның жасатқан қадамдарды.

 
0
0
333

Осы тақырып бойынша