Мазмұнға өту
Qoblandy

Қобланды Абенов

@Qoblandy

Сайтта 2017 ж. 11 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

68

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Жүректі жаралаған ару қыздар

Сезімге кештеу келсе бала кезде,
Пісіліп жетілмеген бала есте.
Сегізде бастап кетер отырысты,
Сәл ырақ кештеу бастау мода емеспе.

Сезімнің ауылында жаңа жүрек,
Жаңаға талпынар ау не бір білек.
Жаңадан үйірге кеп қосылғанға,
Адаспай жолын тапсын осы тілек.

Отырыс көркі болған кілең қыздар,
Бір қарап жымыиған сезім тұздар.
Сылқия тойып алып жабысатын,
Көргенде кейбір қызды көңіл мұздар.

Мұздаған жүрегімді сезім жылтар,
Сезімге жауап қатар кәне кім бар ?
Сезімді себеп қылып танысайық,
Жүректі жаралаған ару қыздар

0
0
390

Мен романтик емеспін

Мен романтик емеспін,
Бірақта Мұқаңменен жерлеспін.
Мұқағали заңымен жазып - жазып,
Өлеңде музаменен жүздестім.

Мен романтик емеспін,
Тек жүректі тыңдап өстім.
Сезімменен жазған кезде, 
Музам үшін күрестім.

Мен романтик емеспін,
Ғашықтықа айналған белеспін.
Сүю заңын жазып жүрген,
Сүйе алатын елеспін.

0
0
418

Тұрмыс құрған сіңілісне әпкесінің сағынышы !

Артымнан ерген менің сіңілімсің,
Сіңілі әрқашанда сіңімдісің.
Ұядан ұшып шыққан балапандай,
Сағынбас қандай адам сіңілісін.

Сағынып өлеңдеттім өрнектелген,
Өлеңге сені қостым әпкелеген.
Есіміңді қайталасам жиі жаным,
Әпкеңнің сағынышы саған деген.

Балапан ұшып шыққан ұясынан,
Сақтасын өмір сені қиясынан.
Сағынып саған жазған xаттарымды,
Қалқам ау танырсың ау сиясынан.

0
0
615

Қазақпын

Қазақпын деп өмірде айта аламын,
Азатпын деп әлемге айқайладым.
Көзім тиіп кетпесін деп әз еліме,
Тәуба құдай деп ішімнен қайталадым.

Қайта келді өмірге қазақ бұл,
Мәңгі өлмейді біз барда ана тіл.
Абылайдың сөзімен айтар болсақ,
Енді ешкімге бас имейді бұны біл.

Баба салтын жаңғыртып туған елде,
Қазақтықпен досыңа тойға келде.
Шекараны күзеткен алтын ұлдар,
Азаттықты қорғаңдар туған жерде.

0
0
226

Туған күн

Туған күнді құттықтаусыз қалай бастар,
Құттықтады мені бүгін талай достар.
Құттықтаусыз, елеусіз қарамастан,
Достарының көңілін қалай тастар.

Достарымның біразы екен жастар,
Әр мысқылда бар дейме тонкий астар.
Елеместен қалдырмас достарымнан,
Қызғандыма болса егер талай іш тар.

Айтылмастан қалмасын талай тостар.
Тос көтере сөйлейтін кімде дос бар ?
Құттықтаса достарын қуанышпен,
Аспандағы құдайда бұны қоштар.

0
0
325

Жүректі сезім тербеші

Жүректі сезім тербеші,
Тербетер адам келдеші.
Дәмелі болған сезімнің,
Үмітін гүлім үзбеші.

Үзілсе үміт жүректен,
Жалғанбас қайта үзілген.
Үзілген сезім ұқсайды ау,
Үзілген гүлге сыз өткен.

Гүлдің де ғұмыры ұзақтау,
Болса егер суық бұғаттау.
Сездірмей сызын өмірдің,
Ұстарсың көзден жырақтау.

0
0
339

Өр мінезді көкжал бөрі баласы

Өр мінезді көкжал бөрі баласын,
Бөлтірік боп қанға тартса қарасын.
Ақ май беріп бақсадағы алдына,
Аңсап тұрар қырда ойнаған даласын.

Басқа - басқа сатылмайды көк қасқыр,
Өлтірсеңде серті бөлек жан тапсыр.
Өшпес руx, қайтпас мінез силаған,
Көкте құдай қолдап тұрса уа тақсыр.

Көкжалдардың өмірі толған сынақ,
Өкінбейді өмірге неткен шырақ.
Қыңқ деместен бетіне қарап тұрар,
Кесіп алып құлағын қылсада шұнақ.

0
0
485

Күлімдеу

Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.• Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.• Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.• Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.• Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние. • Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз. • Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді. • Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті. • Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз. • Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз. • Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті. • Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір. • Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық. •…

0
0
1183

Кездескенмін сізбенен

Күңіреңген күзде мен,
Кездескенмін сізбенен.
Төмен қарап ұялдың,
Танысқанда бізбенен.

Қандай әсем қыз деген,
Қызға ғашық жүздеген.
Кеше екеуміз кездескен,
Жүріп келем ізбенен.

Табиғатқа күз келді,
Жазды күрең күз жеңді.
Сені көріп ұнатқан,
Сезім бізде жүр енді.

Сезім гүлі гүлдесең,
Түнде қызбен жүздесем.
Қайда болса барайын,
Сүйсең мені кел десең.

0
0
294

Ұстазға

А деп әріп жаттақан,
Алғаш қалам ұстатқан.
Есімдесің ұстазым,
Өлеңді сүюді бастатқан

Қасқыр болып киініп,
Құдайға бірақ сиынып.
Қоянды қуғам саxнада,
Алғаш өнер үйреніп.

Жаңа жұмысты бастауға,
Болмайтынын тастауға.
Сіңірген бала бойына,
Қарыздармыз ұстазға.

Ұсатаз деген ұлы жан,
Бала деп алға ұмтылған.
Алдынан өткен әр пенде,
Ұлы екенін ұғынған.

Бізге силаған болашақ,
Ұстазға үмітпен қарасақ.
Жалықпай әлі үйретер,
Ұстаздан үлгі ала алсақ.

0
0
258