Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақтың ұлы тұлғасы Кейкі батырдың бас сүйегі қайта еліне оралды, иманы саламат болсын бабаның. Соған аздап жүрек жарды

Мен бүгін Қазақпын деп айта алам,
Қазақ боп өз тілімде сайра қалам.
Өткеннен сыр шертетін тариxыңды,
Ұмытпай жүрегіңде сақта балам.

Тәуелсіз ел болуды аңсап өткен,
Құдайға қолын жайып дұға еткен.
Елінің болашағын армандаумен,
Қаншама бабалардың басы кеткен.

Қазақты құдай қолдап еркін етті,
Бабамның тілектері Аллаға жетті.
Отар боп бас көтермес замандары,
Бүгінге тәубе дейік, келмеске кетті.

Егемен көк туы бар қазақ жері,
Өткерді талайларды қайтпас елі.
Бүгінгі мамыра жай бейбіт заман,
Кешегі сол бабаның арманы еді.

 
0
0
378

Осы тақырып бойынша