Өткен күндер елесі
Сағынамын кейде мен кеткенді,
Кеше ғана көз алдымнан өткенді.
Сағынғам ба әлде шынымен,
Жүрегіммен елес болып жеткенді ?
Өткен күндер елесі бүгін маған,
Қалды дейді қойатын сұрақ саған.
Таңдап апты сезім жайлы өткенімді,
Шешілмеген көп сандар арасынан.
Жүрек достым тастамас сергімсің,
Сыр ашпайтын тас қамал берігімсің.
Сағындырып сарғайтқан өткен күндер,
Болашақтан мен үшін үміттісің.
Үмттісің мен үшін үміттісің,
Үзілмейтін үмітке күйіп пістің.
Арманымды жалғасаң келешекке,
Тек тілекті қалдырмашы ортасында азу тістің.
