Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады

Бүгін аудан әкімі Ж.Бейсенбаев күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жұмыс барысымен танысты. Білім нысандарын аралаған аудан басшысы Достық ауылдық округындағы Айни ЖОМ-нің, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округының А.Тұяқбаев атындағы ЖОМ, Еңбекші ауылдық округындағы Абай атындағы ЖОМ-гі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын көрді.

Аталған оқу нысандардың жұмысын алған мердігерлерге оқу жылы басталуға аз уақыт қалғанын ескертіп, нысандардың жылдам әрі сапалы етіп аяқтау керектігін жеткізді. Әсіресе, Хайдар елді мекенінде орналасқан Айни ЖОМ-гі жұмыстардың кестеден кешігіп жатқандығын, нысанда жұмыс істеп жатқан 32 адамның уақытында жұмыстарды бітіре алмайтындығын ескертіп, қосымша жергілікті халықты жұмысқа тарта отырып қол күшін көбейтіп, мәселені шешу керектігін айтты.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
621

Осы тақырып бойынша

Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады - Yvision.kz