Мазмұнға өту
Makhtaralbaspasoz

Мақтарал баспасөзі

@Makhtaralbaspasoz

Сайтта 2016 ж. 16 шілде

Мақтарал ауданының баспасөз қызметі ауданымыздың тыныс-тіршілігін бүкіл Қазақстанға көрсету үшін құрылған.

рейтинг

100

жазбалар

54

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«Мақтаарал» футбол клубы 0:2 есебімен жеңіске жетті

23-шілде күні елордамыз Астана қаласындағы «Астана Арена» алаңында бірінші лиганың белді футбол клубтары «Мақтаарал» мен «Бәтерек» ойын көрсетті.


Алғашқы таймда-ақ 2 гол салған «Мақтаарал» футбол клубының ойыншысы Асқар Абутов алаңға жиналған мақтаралдық жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Екінші таймда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойын саябырсып, есеп сол күйінде қалды. Нәтижесінде 0:2 есебімен «Мақтаарал» футбол клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, «Мақтаарал» футбол клубы Бірінші лиганың жарыс кестесі (XVI тур) бойынша 27 ұпаймен 4-ші орында тұр.

1
0
760

Мақтарал ауданында «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің аппаратында аудандық Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ж.Бейсенбаев, аудандағы әртүрлі ұйымдар мен партия өкілдері, әкімшілік бөлімдерінің басшылары, қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері, түрлі салалардың майталмандары, қоғам қайраткерлері және ардагер ақсақалдар, белсенді жастар қатысты.Алғысөзді бастаған Қоғамдық кеңестің төрағасы Т. Жүнісов тақырыптың аудан жұртшылығы үшін маңыздылығын түсіндіріп, баяндама жасады. Баяндамада патриотизм мәселесін, аудандағы тазалық, адамдардың мәдениеті, бүгінгі қоғамдағы түрлі түйткілді мәселелер жайында ой қозғады. Сонымен қатар, аудан басшысы Ж. Бейсенбаев дәл қазіргі әлемдегі түрлі өзгерістер орын алып, терроризм мен экстремизм қаупі күш…

1
0
971