Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтарал ауданында 6 мектептің жаңа ғимараттары пайдалануға берілді

1-қыркүйек – Білім күніне орай Мақтарал ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 6 мектеп ғимаратының тұсауы кесілді. Атап айтқанда, Атакент кентінде 300 орындық, Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектепте 300 орындық, Панфилов атындағы мектепте 300 орындық, Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектепте 300 орындық, Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектепте 200 орындық және «Сырдария» жалпы орта мектебінде 200 орындық мектеп ғимараттары пайдалануға берілді.

Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.



 

#тәуелсіздікке25жыл 
#25летнезависимости

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
512

Осы тақырып бойынша