Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді

«Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында құрылған аудандар мен қалалардағы кездесулер керуені Мақтарал ауданына келді. ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Абылай Мұсабеков, ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Жұлдыз Балтабаева және Мақтарал аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков, Мақтарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исев, Мақтарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Камира Өмірбай, Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мұхтар Бейсенбаев жастармен ашық форматта сұхбат өткізді.

Абылай Мұсабеков өз сөзінде қазақ-тәжік шиеленісі орын алған «Сарыағаш оқиғасы», «Мақтарал оқиғасы» кезінде «атойлап» шыққандардың басым бөлігі 14-29 жас аралығындағы жастар екенін және жастардың түрлі әлеуметтік желілердегі провакациялық ақпараттарға алданып қалатындығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан «Мәңгілік ел» болу үшін жастары білімді, саяси сауатты болу керектігін де ескертті.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
890

Осы тақырып бойынша

«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді - Yvision.kz