Мазмұнға өту
KZPP

КЗПП МНЭ РК

@KZPP

Сайтта 2014 ж. 27 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

205

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

В Департаменте по защите прав потребителей Актюбинской области состоялся круглый стол по разъяснению Послания Главы государства «Нұрлы жол – путь в будущее» и антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы

В Департаменте по защите прав потребителей Актюбинской области состоялся круглый стол по разъяснению Послания Главы государства народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее».

В заседании круглого стола приняли участие заместитель руководителя Департамента по делам госслужбы и противодействию коррупции Актюбинской области - председатель Дисциплинарного совета Актюбинской области Токушев А.К. и руководитель отдела реализации и контроля предвыборной платформы Актюбинского филиала партии «Нұр Отан» Сахиев А.М.

В ходе круглого стола разъясны основные положения Послания Главы государства народу Казахстана. Кроме того, Токушевым А.К. представлен доклад об Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы.

В завершение мероприятия приглашенными участниками круглого стола даны ответы на вопросы об основных направлениях новой экономической политики «Нұрлы жол» и антикоррупционной политики государства.

-1
0
501

Атырау облысының Жылыой ауданында «Менингококк инфекциясы, менингококкцемия» диагнозымен 2 жағдай тіркелді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 26 қаңтарда Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнының вахталық кентінде «Менингококк инфекциясы, менингококкцемия» диагнозымен 2 жағдай тіркелгенін, оның біреуінің өліммен аяқталғанын хабарлайды.

Эпидемиологиялық тексеру барысында сырқаттанған адамдардың Шығыс Қазақстан облысынан «Имстальком» ЖШС-на жұмысқа тұру үшін келгені анықталды.

Қайтыс болған науқаста аурудың клиникалық белгілері 2015 жылғы 21 қаңтарда  Шығыс Қазақстан облысынан Атырау облысына бара жатқан сапарында пайда болған.

2015 жылғы 22 қаңтарда науқас Теңіз вахталық кентіне келіп,  медициналық көмеккке жүгінбей, өз-өзін емдеумен айналысады.

2015 жылғы 26 қаңтарда жалпы жағдайының ауырланғанына байланысты науқас жедел медициналық көмегін шақырады және ауруханаға жатқызылады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, науқас қайтыс болады.

Қайтыс болған адаммен тығыз қарым-қатынаста болған екінші науқас 23  қаңтарда  ауырған және ол да медициналық көмекке 2015 жылғы 26 қаңтарда жүгінген, облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Науқастың жағдайы бір  қалыпты, тиісінше ем қабылдап жатыр.

Эпидемиологиялық тексеру барысында қайтыс болған адаммен тығыз қарым-қатынаста болған тағы да екі адам анықталған (бір бөлмеде тұрған). Жатақханада оларды оқшаулау үшін жағдайдың боомауына байланысты көрсетілген қарым-қатынаста болғандар ТШО  клиникасының оқшаулағышына орналастырылды, профилактикалық ем қабылдап жатыр, шағымдары жоқ.

Жатақхана бойынша қарым-қатынаста болған адамдар (43) медициналық бақылау белгіленді және профилактикалық ем қабылдауда. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін аурудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

Анықтама үшін:

Менингококк инфекциясы бойынша Қазақтан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 2014 жылы 119 жағдай тіркелген, бұл 2013 жылы тіркелген сырқаттанушылық деңгейіне сәйкес келеді.  Атырау облысында менингитпен сырқаттанушылық ішінара деңгейде  тіркеледі (2014  жылы - 1 жағдай, 2013  жылы - 1жағдай). Атырау облысы бойынша және республикадағы менингитпен сырқаттанушылық деңгейі көп жылғы бақылау деңгейлерінен аспайды.

Менингококк инфекциясы -  жіті инфекциялық ауру, оның себебі Neisseria meningitidis бактериясы болып табылады. Менингококк инфекциясының ауырлығы назофарингиттен бірер сағаттан кейін өлімге әкеп соқтыратын жіті сепсиске ауысады. Ауру ауа-тамшы  жолымен  беріледі  (жөтелмен, түшкіру, сөйлескен  кезде).

Менингиттің бірінші симптомдары ерекше  емес, қарапайым суық тию симптомдарына ұқсас (дененің қызуы көтерілу, бас ауыру). Аурудың белгілері кеңінен пайда болғанда, медициналық көмекке уақытында жүгінбеген кезінде өлім-жітім 50%-ды құрайды.

Қоршаған адамдар үшін инфекция көзі науқастар немесе симптомдары жоқ тасымалдаушылар болып табылады. Бір науқас адамға 20 мыңға дейін тасымалдаушы бар. Дені сау қоғамда 2-4%-ға дейін тасымалдаушы болуы  мүмкін.

Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық маусымдылығымен сипатталады – сырқаттанушылық көбіне қыста және ерте көктемде жоғары. Бұл осы кезде адамның иммундық жүйесінің көптеген вирустардың есебінен әлсірейтіндігіне байланысты, олар да ЖРВИ, тұмау және тағы  басқалары осы жыл мезгілдерінде қарқындайды.

Көбіне иммундық жүйесі әлі қалыптаспағандығына және мектепке дейінгі мекемелердегі тығыз қарым- қатынаста болатындығына байланысты 5 жастан кіші балалар, сондай-ақ жасөспірімдер  мен жас адамдар ауырады, олардың арасында аурудың дамуына мына факторлар әсер етеді:

- көбіне жабық үй-жайларда жиналу;

- ылғалдылық  және  температуралық  режимнің бұзылуы;

- темекі шегу, ортақ сусындар;

- желдету режимінің сақталмауы.

0
0
445

2015 жылғы 26 қаңтардағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 26 қаңтардағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.

Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 286 118 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (70%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 193 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 26 қаңтарда барлық 16 аймақтарда тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді.

Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 698 354 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,8%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 447 992 бала және 1 250 364 ересек тұрғындар (оның ішінде 161 128 медицина  қызметкерлері және 81 263 жүкті әйелдер). Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ке өскені байқалады.

Профилактикалық шаралар. Ұсынымдар тұмау және ЖРВИ-дан жеке және қоғамдық профилактикасы бойынша шараларды қамтиды.

Профилактиканың бір әдісі белсенді иммунизация, яғни вакцинациялау болып табылады. Осының арқасында аурудың басталмай жатып-ақ алды алынады. Вакцинацияны күз кезінде өткізген дұрыс, себебі тұмау эпидемиясы қараша мен наурыздың арасында өтеді. Егуден кейінгі антиденелердің жоғары титрі бірнеше ай тұрады сақталады және вакцинациядан кейін 6 айдан соң төмендей бастайды.

Сонымен қатар организм өз қорғаныс күштерін күшейтуге бағытталған тұмаудан қорғанудың тәсілдері бар:

- иммунитетті көтеретін препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы) вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалиндық, антивирт.б.), полидәрумендер қолданылады;
- иммунитетті көтеретін профилактикаға арналған қолжетімді тәсілдер (пияз, сарымсақ, шөптердің, итмұрынның қайнатпалары және басқада кұрамында С дәрумені жоғары, қарақат, ашытқан қырыққабат цитрустартар сияқты) қолдану;
- организмді шынықтыру керек: тамақты суық сумен шаю, ыстық- суық себізгімен шайыну және бассейн.

Тұмау және ЖРВИ-дың көтерілуі кезінде мыналар ұсынылады:

- денсаулығы нашар адамдармен қарым- қатынаста болмау;
- көп адамдар жиналған әсіресе жабық бөлімдерде болуды азайту;
- қолмен ауызды және мұрынды ұстауды азайту, өйткені арнайы бақылау қолдың күніне 300 ретке дейін мұрын және көз бөлінгілер, сілекеймен жанасатынан көрсетті. Сол себепті қолды әсіресе науқасты күту кезінде немесе ауырған кезде сабынмен, ең дұрысы жие жуу керек.
- егер отбасында науқас ауру адам бар болса науқаста сау адамдарда медициналық бетперделерді қолдану қажет;
- үй-жайда үнемі желдетіп отыру керек және дезинфекциялық құралдарды қолданып барлық беттерді сүртіліп ылғалды жинау керек.

-1
0
402

Орал қалалық дезинфекция станциясында дөңгелек үстел өткізілді

Орал қалалық дезинфекция станциясында Орал қаласының медицина ұйымдарында микробиологиялық мониторинг және ауруханаішілік инфекциялардың туындауының және таралуының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу кезіндегі бірыңғай тәсілдерді талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысында кәсіпкерлердің облыстық палаталарының, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың облыстық департаменттерінің және қалалық басқармаларының, қаланың медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысы барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне енгізілген жаңалықтар қаралды.

Сондай-ақ 2014 жылғы Батыс Қазақстан облысының медицина ұйымдарындағы ауруханаішілік инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайлар, медицина ұйымындағы ауруханаішілік инфекциялардың таралуының профилактикасы бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, медицина ұйымдарын инфекциялық бақылау бағдарламасында микробиологиялық мониторинг жүргізу әдіснамасы талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша медицина ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік өзiн-өзі бақылау тәртібінде микробиологиялық зерттеулер көлемін айқындау жөнінде ұсынымдар берілді.


0
0
483

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы дөнгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел отырысы жоғары жылдамдықты темір жол құрамдарын пайдалануға беруді және жөндеуді жүзеге асыратын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Экспресс» филиалының, «Вагонсервис» АҚ-ның жолаушылар  вагондарын жөндеу жөніндегі  Батыс филиалының жауапты өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел 002/2011 «Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламентін түсіндіру мақсатында өткізілді.

1
0
511

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ә.Б. Мәтішев жұмыс сапарымен Алматы қаласында

Жұмыс сапары барысында Комитет төрағасы Ә. Мәтішев Алматы қаласындағы аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылым орталығына, М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығына, Алматы бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына, Дезинфекция станциясына барды.

Ұжымдармен кездесу кезінде Комитет төрағасы проблемалық мәселелер туралы айтты және Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ведомствоның алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Бүгінгі күні Комитет басшысы Комитеттің жаттықтырушыларына арналған «ХАССП қағидаттары және оларды тамақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында қолдану» оқыту курстарының ашылуына қатысты

ХАССП жүйесін зерделеу заңнамаға кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізумен байланысты өзекті болып отыр. Кәсіпорында тексерудің баламалы нысандарының бірі болып табылатын ХАССП жүйесін енгізу кәсіпорында ерекше тәртіп бойынша тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық және оқу іс-шаралары, сондай-ақ кәсіпорындарда ХАССП-ны пилоттық енгізуді іске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк іске асыратын «Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасы және оның «ДСҰ-ға кіру шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» кіші компоненті шеңберінде жүзеге асырылады.

Одан әрі оқып шыққан жаттықтырушылар республика өңірлерінде тамақ өнеркәсіптерінің өкілдері үшін ХАССП жүйесі бойынша тереңдетілген оқыту курстарын өткізетін болады. Бұдан басқа, ХАССП-ны енгізу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жүргізілуде. Алынған тәжірибе қорытындыланатын және еліміздің барлық жерінде пайдаланылатын болады.

Кәсіпорын деңгейінде тағам өнімдері қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз етудің тиімді құралы ХАССП жүйесін енгізу болып табылады (ағылшын транскрипциясында НАССР - Hazard Analysis and Critical Control Points, «қауіпті факторларды талдау және бақылаудың сындарлы нүктелері» дегенді білдіреді).

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ХАССП – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару.

ХАССП Еуразиялық экономикалық одақтың, Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерінде регламенттелген.

ХАССП жүйесінің басты қағидаты терең талдау, өндірісте тәуекелдің барлық мүмкін болатын факторларын анықтау болып табылады. Бұған тамақ өнімдерін дайындау кезінде туындайтын физикалық, химиялық, микробиологиялық факторлар кіреді. Сондай-ақ ХАССП жұмысының қағидаты өндірістің барлық кезеңдерінде тәуекелдің осы факторларын толығымен жою болып табылады.

Өндірушілер өткізілетін өнімнің қауіпсіздігі үшін және оны қамтамасыз ету үшін де тұтынушылар алдында жауапты болады, олардың жаңа заманауи білімі болуы қажет.

Сапар барысында Ә. Мәтішев Қазақ Тағам академиясының президенті академик Т.Ш. Шармановпен кездеседі, тамақ саласындағы ғылыми әзірлемелер, тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу мәселелері және басқалар талқыланады.

0
0
445

Павлодар облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті

Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, қалалық және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларында қоғамдық бірлестіктері, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күндері» өтті.

Сапасыз тауарды сатып алу (тапсырыс бойынша перде тіккізу, автокөліктің қосалқы бөлшектері дүкенінен ақауы бар тауарды сатып алу), тауар чегін беруден бас тарту, қызмет көрсетуші персоналдың дөрекі қарым-қатынасы сияқты мәселелері бойынша барлығы 30 келуші жүгінді.

Келушілерге сотқа дейінгі реттеу талап-арызын дайындау немесе сотқа өтініш жазу бойынша консультативтік-құқықтық көмек көрсетілді, тапсырыс берілген тауарға енгізілген сома бойынша сатушының фискалді чек бермеу фактісі бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш беруге көмек көрсетілді. Келушілер сондай-ақ базарда сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсыну, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және басқа да  мәселелер бойынша консультациялар алды. «Ашық есік күндері» жұмысының нәтижелері тұтынушылардың өз құқықтарын білмеуі негізгі проблема болып қалып отырғанын көрсетті.

Халық арасында тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау бойынша азаматтық ұстанымын арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын және оның қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін болады.


0
0
408

2015 жылғы 19 қаңтардағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 19 қаңтардағы республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.

Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 261 873 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (70%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 95 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 19 қаңтарда Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Манғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қаласында тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді.

Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 698 354 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,8%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 447 992 бала және 1 250 364 ересек тұрғындар (оның ішінде 161 128 медицина қызметкерлері және 81 263 жүкті әйелдер). Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ке өскені байқалады.

Профилактикалық шаралар. Ұсынымдар тұмау және ЖРВИ-дан жеке және қоғамдық профилактикасы бойынша шараларды қамтиды.

Қазіргі уақытта профилактиканың негізгі әдісі белсенді иммунизация, яғни вакцинациялау немесе спецификалық профилактика болып табылады. Осының арқасында аурудың басталмай жатып-ақ алды алынады. Вакцинацияны күз кезінде өткізген дұрыс, себебі тұмау эпидемиясы қараша мен наурыздың арасында өтеді. Егуден кейінгі антиденелердің жоғары титрі бірнеше ай тұрады сақталады және вакцинациядан кейін 6 айдан соң төмендей бастайды.

Сонымен қатар тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – спецификалық емес профилактика. Спецификалық емес профилактика организмнің өз қорғаныс күштерін күшейтуге бағытталған және вакцинациямен қатар жүргізілуі мүмкін.

Спецификалық емес қорғау ретінде иммундық түзетуші препараттар (анаферон, интерферон,виферон, интерферон индукторы) вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалиндық, антивирт.б.), полидәрумендер қолданылады.

Иммунитетті көтеретін профилактикаға арналған қолжетімді тәсілдер туралы да ұмытпау керек (пияз, сарымсақ, шөптердің, итмұрынның қайнатпалары және басқада кұрамында С дәрумені жоғары, қарақат, ашытқан қырыққабат цитрустартар сияқты) өнімдер.

Организмді шынықтыру керек: тамақты суық сумен шаю, ыстық-суық себізгімен шайыну және бассейн.

Тұмау және ЖРВИ-дың көтерілуі кезінде мыналар ұсынылады:

- денсаулығы нашар адамдармен қарым- қатынаста болмау;

- көп адамдар жиналған жерлерде болуды азайту;

- қолмен ауызды және мұрынды ұстауды азайту;

- инфекцияның ластанған қолмен оңай берілетінін есте сақтау қажет

Арнайы бақылау қолдың күніне 300 ретке дейін мұрын және көз бөлінгілер, сілекеймен жанасатынан көрсетті. Сол себепті қолды әсіресе науқасты күту кезінде немесе ауырған кезде сабынмен, ең дұрысы жие жуу керек.

-  егер отбасында науқас ауру адам бар болса науқаста сау адамдарда медициналық бетперделерді қолдану қажет;

-  үй-жайда үнемі желдетіп отыру керек және барлық беттерді сүртіліп ылғалды жинау керек.

0
0
493

Орал қалалық дезинфекция станциясында қызметтің негізгі бағыттары бойынша кеңес өтті

Кеңеске Орал бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының, Орал обаға қарсы күрес станциясының, Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мамандары қатысты.

Кеңесте тұтынышылардың құқықтарын қорғаумәселелері, Орал қаласы бойынша инфекциялық сырқаттанушылық жағдайы, инфекциялық аурулардың туындауының және таралуының алдын алу бойынша Орал қалалық дезинфекция станциясының Орал қаласының баларға білім беру, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру объектілерінде өткізетін эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, инфекциялық аурулардың профилактикасы шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша 2015 жылға:

- инфекциялық, паразитарлық және ерекше қауіпті инфекциялық аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы күрес (профилактикалық) іс-шараларын жүргізу жолымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етужөніндегі іс-шаралар кешенін орындау,инфекциялық аурулар ошақтарын таратпаудың жаңа тәсілдерін, әдістерін және алгоритмдерін енгізу;

- денсаулық сақтау, білім беру және қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

- инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде микробиологиялық диагностиканы жүзеге асыру, микробиологиялық зерттеулердің заманауи жедел әдістерін енгізу;

- эпидемияға қарсы, профилактикалық және дезинфекциялық іс-шараларды инфекциялық және инфекциялық емес сырқаттанушылық профилактикасы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен ықпалдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

- эпидемиологиялық асқынулар және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда кәсіпорындардың эпидемияға қарсы күрес іс-шараларын орындауға дайындығын қолдау бойынша міндеттер айқындалды.

0
0
601

Ақмола облысының Целиноград ауданында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өтті

Ақмола облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қ.Қ. Баймұхаметов Целиноград ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде кеңес өткізді.

Қ.Қ. Баймұхаметов сондай-ақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына барды, ұжымға басқарманың жаңа басшысы Таир Маратұлы Айтановты таныстырды.

0
0
465