Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қалалық дезинфекция станциясында қызметтің негізгі бағыттары бойынша кеңес өтті

Кеңеске Орал бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының, Орал обаға қарсы күрес станциясының, Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мамандары қатысты.

Кеңесте тұтынышылардың құқықтарын қорғаумәселелері, Орал қаласы бойынша инфекциялық сырқаттанушылық жағдайы, инфекциялық аурулардың туындауының және таралуының алдын алу бойынша Орал қалалық дезинфекция станциясының Орал қаласының баларға білім беру, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру объектілерінде өткізетін эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, инфекциялық аурулардың профилактикасы шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша 2015 жылға:

- инфекциялық, паразитарлық және ерекше қауіпті инфекциялық аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы күрес (профилактикалық) іс-шараларын жүргізу жолымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етужөніндегі іс-шаралар кешенін орындау,инфекциялық аурулар ошақтарын таратпаудың жаңа тәсілдерін, әдістерін және алгоритмдерін енгізу;

- денсаулық сақтау, білім беру және қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

- инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде микробиологиялық диагностиканы жүзеге асыру, микробиологиялық зерттеулердің заманауи жедел әдістерін енгізу;

- эпидемияға қарсы, профилактикалық және дезинфекциялық іс-шараларды инфекциялық және инфекциялық емес сырқаттанушылық профилактикасы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен ықпалдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

- эпидемиологиялық асқынулар және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда кәсіпорындардың эпидемияға қарсы күрес іс-шараларын орындауға дайындығын қолдау бойынша міндеттер айқындалды.

0
0
549

Осы тақырып бойынша

Орал қалалық дезинфекция станциясында қызметтің негізгі бағыттары бойынша кеңес өтті - Yvision.kz