Ақмола облысының Целиноград ауданында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өтті
Ақмола облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қ.Қ. Баймұхаметов Целиноград ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде кеңес өткізді.
Қ.Қ. Баймұхаметов сондай-ақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына барды, ұжымға басқарманың жаңа басшысы Таир Маратұлы Айтановты таныстырды.

