Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қалалық дезинфекция станциясында дөңгелек үстел өткізілді

Орал қалалық дезинфекция станциясында Орал қаласының медицина ұйымдарында микробиологиялық мониторинг және ауруханаішілік инфекциялардың туындауының және таралуының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу кезіндегі бірыңғай тәсілдерді талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысында кәсіпкерлердің облыстық палаталарының, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың облыстық департаменттерінің және қалалық басқармаларының, қаланың медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысы барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне енгізілген жаңалықтар қаралды.

Сондай-ақ 2014 жылғы Батыс Қазақстан облысының медицина ұйымдарындағы ауруханаішілік инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайлар, медицина ұйымындағы ауруханаішілік инфекциялардың таралуының профилактикасы бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, медицина ұйымдарын инфекциялық бақылау бағдарламасында микробиологиялық мониторинг жүргізу әдіснамасы талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша медицина ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік өзiн-өзі бақылау тәртібінде микробиологиялық зерттеулер көлемін айқындау жөнінде ұсынымдар берілді.


0
0
449

Осы тақырып бойынша

Орал қалалық дезинфекция станциясында дөңгелек үстел өткізілді - Yvision.kz