Мазмұнға өту
KZPP

КЗПП МНЭ РК

@KZPP

Сайтта 2014 ж. 27 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

205

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Павлодар облысында бөлшек сауда саласындағы проблемалы мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметтің әртүрлі салаларындаедәуір жиі кездесетін тұтынушылардың құқықтарының бұзылуын анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Департамент бөлшек сауда саласындағы проблемалы мәселелер– тауар туралы ақпарат алу, тауарды алмастыру немесе кері қайтару, қауіпсіздігі мен сапасы, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарды беру нормасы, тауарды орналастырудың айрықша қағидаларын сақтау, сатушылардың дөрекі қатынастары, сервистік қызмет көрсету және басқа да бірқатар мәселелербойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді. Өзекті тақырыптарды талқылауға Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің сарапшылары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, «Павлодар облысы тұтыну…

0
0
280

2015 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініңТұтынушылардың құқықтарын қорғаукомитеті 2015 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 240 859 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (71%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 43 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 12 қаңтарда Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қаласында тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді. Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 633 423 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,4%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала және 1 187 395 ересек тұрғындар (оның ішінд…

0
0
273

БҚО ТҚҚД басшысы ЕАЭО шартының талаптарын түсіндіру бойынша брифингке қатысты

2015 жылғы 6 қаңтарда ҚР ҰЭМ ТҚҚК Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы М.Қ. Арыспаев Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде өткен Еуразиялық экономикалық одақ шартының талаптарын түсіндіру бойынша брифингке қатысты.

Брифинг барысында тауар қауіпсіздігіне, өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметіне жүктелген  өнімдерге (тауарларға) қатысты Кеден одағының кейбір Техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар түсіндірілді.

0
0
486

Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұжымында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес болып өтті.

Департамент ұжымы ел Президенті қойған бірінші кезектегі міндеттерді үлкен ықыласпен қолдады. Кеңесте ел экономикасының таяу жылдардағы өсімінің қозғаушы күші болатын, нәтижесінде әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табатын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың маңыздылығы атап өтілді.

0
0
605

Құрметті Отандастар!

Сіздерді - православиелік христиандар мен барлық қазақстандықтарды Рождество Христово мерекесімен құттықтаймын!

Осы мереке күні барша қауымға татулық,береке-бірлік тілей отырып, әрбір арайлап атқан таң тек ізгілік пен бақытқа, қаунышпен шаттыққа бөлеп, жанұяларыңызға бақ-береке әкеле берсін дегім келеді.

Құрметпен,

Мәтішев А.

Комитет Төрағасы

0
0
266

Жамбыл облысының тұрғындары арасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастырылды

2014 жылғы 19 желтоқсанында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының Жамбыл мен Бірлік ауылдық округтерінде республикалық ақпараттық-насихаттау топтары мүшесінің Айтымбетов А.Ж. қатысуымен шаруа қожалығының басшыларымен, бизнес құрылымдардың өкілдерімен,  бюджет саласындағы қызметкерлермен, жастармен және ауыл тұрғындары арасында кездесулері ұйымдастырылды.

Кездесу барысында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Қазақстан халқына жолдауын негіздеп, баяндап берді.

Толығымен, жиналған халық Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауын бірауыздан қолдауын білдірді.

0
0
455

В Жамбылской области проведена встреча по разъяснению Послания Президента Республики Казахстана Назарбаева Н.А. «Нұрлы жол – путь в будущее»

19 декабря 2014 года в Жамбылском и Бирликском сельских округах Мойынкумского района Жамбылской области проведена встреча члена Республиканской информационной группы Айтымбетова А.Ж. с руководителями крестьянских хозяйств, представителями бизнес структур, работниками бюджетной сферы, молодежью и жителями сел.

В ходе встречи Айтымбетовым А.Ж. разъяснены основные положения Послания Главы государства народу Казахстана «Нурлы жол – путь в будущее».

Участники встречи единогласно выразили готовность к реализации Послания Президента Республики Казахстан.

0
0
458

Құрметті Отандастар!

Мен барша қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын!

Жаңа 2015 жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр Қазақстан азаматы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Құрметпен,

Комитет Төрағасы                                                                                                       Мәтішев А.

0
0
1153

ҚР Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында 2015 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеру жүргізу тәртібін айқындайтын бұйрыққа қол қойды.

Бұйрықта 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлік субъектілерді жоспарлы түрде тексеруден босату көзделген. Кәсіпкерлік субъектілерге жатпайтын объектілерді тексеру жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Негізінен бұл – мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік объектілер. Жоспарлы тексерулерден басқа: - өтініштер (арыздар) бойынша; - инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың асқынуы кезінде; - бұрын берілген ұйғарымдарды тексеру бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады. Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексерулер сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерге де қатысты болады. Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары рұқсат беру құжаттарын (объектілерге, жобаларға, өнімдерге, көрсетілетін қызметтерге берілетін санитариялық-эпидемиолог…

0
0
284

Алматы қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның мәжіліс отырысы өтті

Мәжіліс отырысына Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және 2015 жылға арналған жоспар қаралды.

Комиссияның жұмысына Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, Жеке кәсіпкерлер Палатасы өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің негізгі бағыттары, ведомствалармен өзара-әрекет және ақпарат алмасу  мәселері   талқыланды.

0
0
283