Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Н.Назарбаевтың баяндамасы жүйелі әрі өзекті – Түркия сарапшысы

Published 2.10.2015 24.kz Елбасының бастамалары Түркияның танымал ақпарат құралдарында да жарық көріп, жан-жақты талқыға түсіп жатыр. Бауырлас елдің сарапшылары Біріккен ұлттар ұйымының мінберінде көтерген Қазақстан Президентінің бастамаларын жоғары бағалаған. Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Таркан Кулактың айтуынша, қазақ елінің көшбасшысы бүгінде бүкіл әлемнің зәресін алған терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық деңгейде күш алып бара жатқанына ерекше назар аударды. Бұл ретте адамзатқа төнген қауіп-қатерлерге қарсы жұдырық боп жұмылуға шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың бірыңғай әлемдік желі құру идеясы өзекті болып қала бермек, – дейді төраға. Таркан Кулак, Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы: - Қазақстан Президенті мықты дипломат, тәжірибелі саясаткер. Ол Қазақ…

1
0
414

Елордада KAZENERGY форумы ресми түрде шымылдығын түрді

Бүгін елімізде осымен 10-рет өткізіліп отырған KAZENERGY форумы ресми түрде ашылды. Ауқымды шараға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен аузы дуалы саясаткерлер мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері елімізге арнайы келіп отыр. Форум жаңа ғана салтанатты түрде ашылды. Алғаш болып ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник сөз сөйлеп, форум қатысушыларына Елбасының құттықтауын жеткізді. Көп ұзамастан ауқымды шара пленарлық сессияға ұласты. Басқосуда әлемдік энергетика нарығының жаңа талаптары мәселесі талқылануда. Таңдалып алынған тақырыптың ауқымы кең. Себебі сарапшылардың пікірінше, 2035 жылға дейін энерготасымалдаушыға сұраныстың өсуі 1,4%-ға дейін төмендейді. Салдарынан 2035 жылға дейін қара алтынға деген сұраныс азая бермек. Мамандар біртіндеп әлемдегі ең ірі мұнай тұтынатын ел АҚШ-тың орнын…

1
0
268

Н.Назарбаев әлемге жаңа болашақ ұсынды

«Ұлы көшбасшының ұлы сөзі. Назарбаев әлемге жаңа болашақ ұсынды». Әзірбайжанның ABC.AZ басылымының беттерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі туралы осылай жазылған. Жаңалықтар порталы Елбасы халықаралық қауымдастықтың 100 жылдығына орай ұсынған «Жаһандық стратегиялық бастама – 2045» жоспарының басты 5 ережесін жариялады. Басылым осы бастамалардың мәніне ерекше тоқталған. Мақалада Біріккен ұлттар ұйымының экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру; Біріккен ұлттар ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау; халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру; халықаралық…

1
0
291

Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Елбасының БҰҰ Бас Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі. Құрметті Төраға мырза! Құрметті Бас хатшы мырза! Құрметті әріптестер! Ханымдар мен мырзалар! Біріккен ұлттар ұйымының 70 жылдық мерейтойы тұсында бұл ұйымның негізін қалаушылар оған қандай терең мағына бергені жөнінде ой бөлісу маңызды. Біріккен ұлттар ұйымы қазірдің өзінде жаһандық тұрғыдан тарихи мәні бар міндеттерді орындады. Біріншіден, планетамызда адамдар 70 жыл бойы дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді. Екіншіден, әлемде аса ауқымды отарсыздандыру жүзеге асырылды. Біріккен ұлттар ұйымын 70 жыл бұрын 51 мемлекет құрды. Ол кезде әлемнің көп бөлігін колониялар мен тәуелді аймақтар алып жатты. Бүгінде әлемдік қоғамдастықта 193 тәуелсіз ел бар. Үшіншіден, Біріккен ұлттар ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіпсіздік пен…

1
0
710

Елбасы: Жаһандық дағдарыспен күресті эмиссия мен валюталар айналымын реттеуден бастау қажет

«Жаһандық дағдарыспен күресті эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет». Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясында осындай мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде әлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек. Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта әзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украина дағдарысына, сондай-ақ Минск келісімін толық орындауға қатысты ұстанымын ашық айтты. Біздің еліміз қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді қолдайды. Сонымен бірге Мемлекет басшысы санкциялар қолдануға қатысты өз пікірін білдіріп, бұл әрекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Жар…

1
0
327

Қарағанды облысында құны 1 млрд теңге тұратын екі жаңа жоба таныстырылды

Published 30.09.2015 24.kz Қарағанды облысында құны бір млрд теңге тұратын екі жаңа жоба жүзеге асады. «Силициум» зауытында кремний өндіретін кен термикалық пеш іске қосылмақ. Бұл заманауи құрылғы өндірістің көлемін жылына 12 мың тоннаға арттырады деп күтілуде. Сонымен қатар 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Техникалық кремний Ресей, Германия, Нидерланд пен АҚШ елдеріне экспортталмақ. Ал екінші жоба Бұқар жырау ауданында орналасқан «Волынский» кешенінде жүзеге асады. Онда биоқалдықтарды қайта өндіретін жаңа технология пайда болды. Сөйтіп жылына 2500 мегаватт электрқуатын өндіріп шығарады. Андрей Николаев, биоқалдықтар өндірісі жобасын басқарушы: - Біздің кешенде жүзеге асатын тың жоба, өнімді өз бағасына сату үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Алдағы уақыттарда біз электрқуатты тиімді бағамен с…

1
0
254

EXPO-2017: Қатысушылар мен әріптестер саны артуда

Published 30.09.2015 24.kz Елбасының АҚШ-қа сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов бүгін Нью-Йоркте бірқатар америкалық компания жетекшілерімен келіссөздер өткізіп, маңызды құжаттарға қол қойды. Кездесу қорытындысы бойынша, осы елдің технология саласындағы CISCO компаниясы Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесінің ресми жеткізушісі атанды. Компания қазақстандық көрмеге арнап 3,5 млн еуро көлемінде демеушілік танытуға ниетті. Қазақстанда өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысуға ресми келісім берген елдердің саны қазір 48-ге жетті. Олардың қатарында Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай сияқты алып экономика иелері бар. Тізімге енді Италияның қосылатын күні алыс емес. Ресми Рим Миландағы EXPO көрмесінің аяқталуын күтіп отыр. Италияның Ауылшаруашылы…

1
0
501

Еліміздің оңтүстік өңірінде арзан қуат көзі өндірілуде

Published 29.09.2015 24.kz Жасыл экономиканы өндірісте ғана емес ауылшаруашылығында да кеңінен қолдануымыз қажет. Жаһандық технологиялар өнімнің тез пісіп жетілуіне мүмкіндік берсе, табиғи жолмен өндірілген тыңайтқыштар жер құнарын сақтайды. «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы мен Астана қаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар кеңсесінің өкілдері Шымкентте шаруалармен жүздесті. Басқосуда баламалы қуат көздері мен инновациялық жобалардың тиімділігі түсіндіріліп, органикалық ауылшаруашылығын одан ары дамыту мәселесі талқыланды. Мамандар отандық тауар өндірушілерге тиімді технологияларға қалай қол жеткізуге болатынын және оған мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді айтып берді. Жалпы оңтүстікте күннің көзі мен өзен суын пайда…

1
0
210