Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады. Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сол үшін Қазақстан Президенті БҰҰ-ның жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар сөз сөйлеу барысында БҰҰ-ның ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөнінде бастама жасалды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқық қағидаттарын жаһандық саясаттың барлық қатысушылары сақтауы маңызды екенін атап көрсетті және 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйым…

1
0
373

Павлодарда заңсыз ағаш кескендер ұсталды

24.kz

Іштен шыққан жау жаман.

«Ертіс орманы» табиғи резерватының үш бірдей қызметкері ағаш кесіп жатқан жерінде ұсталды. Мекемеде ғылыми қызметкер, өрт сөндіруші және жүргізуші болып еңбек еткен азаматтардың заңсыз әрекеті Шалдай орманында жүргізілген рейдтік шаралар барысында әшкере болды. Полицейлер оқиға болған жерден заттай айғақтар тапқан. Екі ағаш кесетін арамен бөренелер тиелген «Газ 53» көлігі тәркіленді. Жасыл желекті кескендер енді заң алдында жауап бермек.

Баян Мағзұмова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Алдын ала есептеу бойынша, залал сомасы 124 мың теңгеден асады. Ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

http://gbpp.org/kz/2015/09/8228

1
0
379

Н.Назарбаев: Қазақстан Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыруда үлкен жетістікке жетті

Қазақстан Мыңжылдық дамуға арналған БҰҰ-ның 8 мақсатын жүзеге асыру жолында толағай табыстарға жетті. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 жылдық сессиясына арнаған баяндамасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Өз сөзінде Президент Қазақстанда мемлекеттіліктің тұғыры бекіп, азаматтық қоғамды дамытуға барлық жағдай жасалғанын айтты. «Осы уақыт ішінде қазақ елінің жалпы ішкі өнімі 19 есе ұлғайып, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларына жетті. Ана мен бала өлімі 65%-ға қысқарды. Ал елде «жасыл экономикаға» өтудің ұлттық тұжырымдамасы бекітілді», – деді Мемлекет басшысы. Сөз арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапы Жер шарын дамытудың ғаламдық құжатын қолдайтынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Согласно данным Стокгольмского института…

1
0
515

«Жасыл ел» жастарының еңбегі еленді

Published 28.09.2015 24.kz Солтүстікқазақстандық студенттер жаз бойы мың түп ағаш екті. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысшылары 11-еңбек маусымын осылай қорытындылады. Өңір жастары қоршаған ортаны көгалдандырып қана қоймай, әлеуметтік нысандардың құрылысына да қатысты. Олар Назарбаев зияткерлік мектебі мен спорт сарайын салуға да үлес қосты. Биыл облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 19 млн теңгенің 15 жобасы жүзеге асқан. Маусым соңында жасылелдіктердің еңбегі еленіп, үздік жастарға бағалы сыйлақтар табыс етілді. Асқар Баймұқанов, «Жасыл ел» еңбек жасағы облыстық штабының жетекшісі: - «Жасыл ел» жастар жасақтары 900 гектар орман алқабын тазартты. Осылайша 450 өрен еңбекке тартылып, жаз бойы жалақы алды. Айта кеткен жөн, осы жылы жылдағыдан көп адам жұмыс істеді. Бұл алда…

0
0
350

Жасыл экономика. Су тасқынының алдын-алу мүмкін бе?

Ауа райының тосын мінезінен әлемде су тасқыны фактілері өсіп келеді.

Табиғи апаттың бұл түрін тіркеп отыратын жаһандық жүйенің мәліметтеріне қарағанда соңғы 10 жыл ішінде тасқын фактілері тұрақты өсім байқатуда. Жыл сайын көктем мезгілінде еліміздегі кейбір елді мекендерде де тасқын су қауіпі туындайды. Осы орайда «Қазгидромет» мамандары шетелдік ұйымдармен біріге отырып кенеттен пайда болуы мүмкін су тасқынын болжау жөніндегі жүйені енгізу бойынша жобаны қолға алды. Нақты болжамдар жасау мүмкін бе?

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7934

0
0
313

Сауд Арабиясы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниетті

Сауд Арабиясы елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниет білдірді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясының Төтенше және өкілетті Елшісі Горм Саид Малхан хабарлады. Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа шығаруда әлем бойынша басты елдердің бірі бола тұра, энергияның балама көздерін пайдалануға қатысты зерттеу жұмыстарына белсенді түрде инвестиция жасайды. Бұл бастамалардың болашақта берері мол деп отыр мамандар. Елші жуық арада көрмеге қатысу ниетін ресми құптайтындығын жариялады. Бүгінде 48 елмен 7 халықаралық ұйым осындай тақылеттес өз ниеттерін білдірген.

http://gbpp.org/kz/2015/09/7682

0
0
329

Депутаттар сенбілікке шықты

Астанада жалпықалалық сенбілік өтті. Қала басшысы Әділбек Жақсыбеков бастаған әкімдік қызметкерлері көше тазалап қана қоймай, ағаштың бірнеше түрін отырғызды. Сенбілікке Астана бойынша мыңға жуық адам атсалысып жатыр. Олардың арасында Сенат пен Мәжіліс депутаттары да бар. EXPOқұрылысы маңында екі жүзден астам қайың мен шырша отырғызған халық қалаулылары, қаланы көгалдандыруға үлестерін қосты. Осылайша, қала бойынша әртүрлі мекеме аумақтарында 8 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі: - Осындай шаралар бізге біріншіден, тәрбие үшін керек. Әр адам осындай сенбілікке қатысып, елмен бірге жұмыс істеп ертең қаладағы тазалықты сақтауға тырысады. Сүйікті қаламызды таза ұстауымыз керек. Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Жұмыспен тәрбиеленіп ө…

0
0
516

Жасыл экономика. Өңірлерді сапалы ауыз сумен қамту

Ұлт саулығы тікелей сапалы ауыз суға байланысты екендігі сөзсіз.

Сондықтан өңірлерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі де соңғы жылдары өз ретін тауып келеді. Әсіресе, осы мәселенің оңтайлы шешімі суды сүзгілеу құрылғылары уақыт өте қолжетімді болды. Олар суды тазартып қана қоймай қажетті элементтермен де байыта алады. Бұл арқылы химиялық өңдеу мен дәстүрлі хлорлау әдістерінен бас тартуға да болады. Толығырақ бағдарлама барысында баяндаймыз.

http://gbpp.org/kz/2015/09/7490

0
0
564

Қасым-Жомарт Тоқаев сақа саясаткерлермен кездесті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің белді де беделді сақа саясаткерлерімен кездесті.

Олардың арасында шетелдің белгілі қоғам қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары, Колумбия мен Польшаның Президенттері бар. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарға Қазақстанның қазіргі дамуы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа институционалдық реформалары жайлы әңгімелеп берді. Ядролық қаруды таратпау мәселелерін сөз еткен жиынға қатысушылар осы саладағы Қазақстанның рөлін айшықтады. Сондай-ақ тараптар ғаламдық климаттың өзгеруін ескеріп, «жасыл» энергетиканың дамуын да талқыға салды.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7496

0
0
395

Париж іргесінде «жасыл технология» өнертапқыштары бас қосты

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген инженер, дизайнер мен кәсіпкер жиылған.

Кездесу қатысушылары қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері аз өнертабыстарын паш етті. Олардың барлығы қолжетімді болып, күнделікті өмірде оңай қолданылуы тиіс.

Маурисио Кордоба, өнертапқыш:

- Суды тазартуға арналған сүзгі бактериялар мен химиялық заттарды ұстап қалады. Көлемі де шағын, әрі арзан. Бұл сүзгіні кез келген адам кез келген жерде қолдана алады. Оны қарапайым пластикалық ыдыстың ішіне орнатып қойсаңыз болғаны.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7396

0
0
338