Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Н.Назарбаевтың баяндамасы жүйелі әрі өзекті – Түркия сарапшысы

24.kz

2a5010eae85e6d2b989c5fbc83843420_LЕлбасының бастамалары Түркияның танымал ақпарат құралдарында да жарық көріп, жан-жақты талқыға түсіп жатыр.

Бауырлас елдің сарапшылары Біріккен ұлттар ұйымының мінберінде көтерген Қазақстан Президентінің бастамаларын жоғары бағалаған. Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Таркан Кулактың айтуынша, қазақ елінің көшбасшысы бүгінде бүкіл әлемнің зәресін алған терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық деңгейде күш алып бара жатқанына ерекше назар аударды.

Бұл ретте адамзатқа төнген қауіп-қатерлерге қарсы жұдырық боп жұмылуға шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың бірыңғай әлемдік желі құру идеясы өзекті болып қала бермек, – дейді төраға.

Таркан Кулак, Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы:

- Қазақстан Президенті мықты дипломат, тәжірибелі саясаткер. Ол Қазақстанның ұстанымын, өзінің көзқарасын халықаралық мінберлерде ашық айтып, әлемдегі қалыптасқан жағдайға қатысты салмақты ойларымен бөлісіп келеді. БҰҰ-ның мерейлі сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдеріне 5 ұсынысын жолдады. Оның екеуі іргелі ұйымның жұмысын заман талабына сай үйлестіруге қатысты болса, екеуі қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Сондай-ақ Қазақстанның Мемлекет басшысы 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрме аясында Жасыл технологияларды дамытуды мықтап қолға алған бірден-бір елге айналатынын айқындап өтті. Менің ойымша, Назарбаевтың баяндамасы өте жүйелі әрі өзекті.

http://gbpp.org/kz/2015/10/8676

1
0
416

Осы тақырып бойынша