ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Батырлар жолымен – Дорогой славы» экспедициясының пресс-конференциясы өтті

5 сәуірі күні Жастар бастамаларын дамыту орталығының ғимаратында «Батырлар жолымен – Дорогой славы» экспедициясының қатысушыларның       пресс-конференциясы өтті.

Еуразиялық Одақтың (ERG) «Батырлар жолымен – Дорогой славы» халықаралық патриоттық жобасының аясында «Майдан жолы» ғылыми-ізденуші тобы былтыр іске асқан болатын, экспедицияның биылғы бағыты Ресей Федерациясының Новгород облысына аттанады.

-Бүгінгі кезеңге дейін Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен екі жақты келісімдер сәтті жүзеге асты, жоба іздеу жұмыстарының негізгі бөлігі өтетін Староруского ауданының қалалық әкімшілігінен де қолдау тапты, -дейді эспедиция жетекшісі Алексендр Шитов.

ERG-дің халықаралық патроттық жобасының аясында іске асатын іздеу экспедициясының Новгород облысына ат басын бұруы, алғашында 316-шы атқыштар дивизясы болып құрылып, кейін И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардия болып өзгерген дивизия жауынгерлерінің ерліктерін зерттеуді жалғастыруды мақсат етеді.

Старая Русса қаласы 1942 жылдың 7 қаңтары мен 20 мамыр аралығындағы Демян басқыншылық операциясының алғашқы нүктесі болып табылады. И.В.Панфилов ат. 8-ші гвардиялық дивизя әскерлері жауды алғаш болып қарсы алды. Фашист басқыншылығына өз өмірінің құнымен тойтарыс бергендердің арасында Төлеген Тоқтаровта болды. Ерлігі мен батыл шешімдерінің арқасында Төлеген Тоқтаров өз артынан жауынгерлерді ерте білді. 1942 жылдың 7 ақпанында Бородино ауылы үшін болған шайқаста Төлеген Тоқтаров жау отырған үйге басып кіріп, бес бірдей  жау әскерін қырып салады. Төлеген Тоқтаров 1942 жылы 10 ақпанда ерлікпен қаза табады. Бұл күні ол отырған окопқа гитлершілердің тұтас взводы шабуыл жасаған болатын.Ұрыс кезінде ержүрек батыр жарақат алғанымен, жауға қарсы шабуылды тоқтатпады. Оқ таусылды. Күші сарқылған гвардейцке фашист офицері қарсы жүгіреді. Тоқтаровта соңғы күшін жинап тізесінен тік тұрып жауға қарсы ұмтылды. Ақыры фашист офицерін қаруының сабымен ұрып құлатқанымен, басқа фашист әскерінің оғынан ажал құшты.

Ержүрек гвардияшы Новгород облысының Старорусского ауданының Бракловицы ауылында жер қойнына тапсырылған. КСРО Жоғары Президиумының Кеңесінің шешімімен 1943 жылыдң 30 қаңтары күні майдан алаңындағы соғыс ұрыстарында көрсеткен көрегенділігі, неміс-фашист басқыншыларына қарсы көрсеткен ерлігі мен көрсеткен қарсылығы үшін Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

«Батырлар жолы» жобасының басты шараларының бірі Ресей Федерациясы Новгород облысының Старая Русса ауылын жау әскерінен азат ету кезінде 1942 жылдың 10 ақпанында ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровқа ескерткіш-бюсттың ашылуы болып табылады.

Экспедицияға кез-келген ниет білдіруші қатыса алады. Толық ақпарат: 87015268286, Александр Шитов, командир.