ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жастарды қолдау мақсатында 21 миллион доллар бөлінді

27 наурыз күні «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдар, мекемелер, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарының, Павлодар өңірі бойынша жастар ресурстық орталықтарының, өкілдері үшін, жастар корпусын дамыту Жобасын іске асыруын, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолдауымен гранттық бағдарламаның және конкурсқа қабылдаушы ұйымдардың шартын түсіндіру бойынша ақпараттық кездесу өтті.

Аталған жоба ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің бірлескен жобасы. Кездесуге үйлестіру агенттігінің екі өкілі қатысты, бағдарламалық бөлімі бойынша орынбасары Алена Баянбекова мен гранттар жөніндегі маманы Карибаева Инара. Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен, Жастар корпусы дамыту жобасының бастамашылары Үйлестіру агенттігі болып табылады.

Жобаның мақсаты – жастардың, оның ішінде әлеуметтік әлсіз топтарының қоғамның өміріне және өмірлік қажеті бар дағдыларды дамытуға қоғамдық-пайдалы әрекеттер бағдарламалары  арқылы қатыстырылуын ынталандыру.

  • оқудан өнімді жұмысбастылыққа өтуге қажетті дағдыларды дамыту;
  • жастарда бастамашылдықты, қоғамдық-пайдалы әрекеттерді дамыту;
  • жастардың қоғамдық өмірге бірігуінің деңгейін арттыру;
  • жастармен жұмыс бойынша білікті мамандарды даярлау.

Жиын барысында барысында Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін 21 млн. 763 мың доллары мөлшерінде грант бөлінгендігі жеткізілді.

Жалпы жоба үш компоненттен тұрады.

1-ші компонент. Қоғамдық-пайдалы әрекеттер дағдыларын оқыту бағдарламасын қолдау. Компоненттің жалпы соммасы – 20 млн АҚШ доллары.

2-ші компонент. Жастар саясатын іске асырудың институционалды дамуын қолдау. Компоненттің жалпы соммасы – 763 мың АҚШ доллары.

3-ші компонент. Жобаны басқару, бағалау және оның мониторингі. Жалпы соммасы – 1 млн АҚШ доллары.

Бұдан өзге, жоба аясында жастар жобалық басқару, қаржы сауаттылығы негіздері, маркетинг және сәйкес есеп берулер жасау бойынша оқытудан өтеді – дейді, Координационного агенттіктің жетекшісі орынбасары А.В. Баянбекова.

Әзірге 2017 жылы Павлода, Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақсатн облыстарында жобаның пилоттық нұсқасы іске асады.

Кездесу соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала білді.