Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарға Орталық қызметі туралы ақпарат берілді

Бүгін Павлодар қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан 6679 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Шараға облысымыздың әр аумағындағы мекетептердің жоғарғы сынып оқушылары және колледж студенттері қатысты. Мақсаты – мектеп бітірушілерді әскери салаға  қызықтыру, болашақ Отан қорғаушыларды әскер өмірінен хабардар ету.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іске асуына жәрдемдесу мақсатында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі аталған әскери бөлімге заңгерлік кеңес, жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық-кеңес берулер, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларын түсіндіру жұмыстары бойынша мобилді Жастарға қызмет көрсету орталығын (ЖҚКО) ұйымдастырды.

-Әскери билеттері бар азаматтарға ІІД ЖПҚ-да (жергілікті полиция қызметі) 66 бос жұмыс орындары бар. Орталықта сонымен қатар, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінген. Жақында, «StudentFest» жобасының аясында, Студенттік көктем байқау өтеді, -деді Орталық инспекторы Оразбек Бақытхан.

Шараның соңында оқушыларға Орталық қызметі жайында толық ақпараттар берілген брошюралар таратылды.

 

 

 

 

                             
0
0
1032

Осы тақырып бойынша

Жастарға Орталық қызметі туралы ақпарат берілді - Yvision.kz