ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жәрмеңкеде 320 бос жұмыс орны ұсынылды

2017 жылдың 28 наурызы сағат 11:00-де Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ-де жұмыссыздарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті. 320 бос жұмыс орны ұсынылған жәрмеңкеге, 44 жұмыс іздеуші қатысты.

Шара басында сөз алған Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Кәшкенова Хелуа Қазымқызы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы түсіндірді.

Бұл бағдарлама бойынша табысы төмен қазақстандықтарға, өз шаруасын бастау үшін мемлекеттік қолдау жасалады. Негізгі мақсат - халыққа өз табысын арттыруға мүмкіндік беру.  Сонымен қатар, Хелуа Қазымқызы жұмыс іздеушілерге педагогикалық мамандықтар бойынша әсіресе ауылдық жерлерде бос жұмыс орындары мол екенідігін тілге айтты.

Шара барысында Жұмыспен қамту орталығының қызмет тиімділігін арттыру мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, оған 44 адам қатысты.

Жұмыс берушілер ретінде 18 ұйым қатысты. Олардың ішінде: «Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ, «Кастинг» ЖШС сынды техникалық сала өкілдері бар. Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясыда электромонтердің 11, инженердің 2 бос жұмыс орнындары ұсынылса, «Кастинг» ЖШС-да электромонтерлердің 2, слесарь-дәнекерлеушілердің 5 жұмыс орны ұсынылған.

Сонымен қатар аталған жәрмеңкеде  Цеснабанк, Халық банк, Казкоммерцбанк, Павлодар обылсы ІІД, Асқар ЖШС, «ВолсПроект Строй» ЖШС, «Half to half» ЖШС, «Оразалин» ЖШС, «М-Ломбард» ЖШС, «Led Инстустрия» ЖК, «Чаплинская» ЖШС және т.б. кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 9 адам тұрақты жұмысқа шақырылды.

Алтынбек Мақсатхан