Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

Воркаутты қала көшелердің фитнесі деп атайды

Воркаутты қала көшелердің фитнесі деп атайды. Сондай мағынасы жастар воркауттың арасындағы танымалдығын түсіндіреді. Воркаутпен айналасу үшін сізден тек қана спортқа деген құштарлық пен ерік күші талап етіледі. Барлық жаттығулар турник, брусья, баспалдақтар, дөңгелектер, сәкілер және т. б. конструкцияларда орындалады. Оларды қаладағы  арнайы алаңдарда табуға оңай. Павлодарда бүгінгі күні осындай алаңдар 13. Солардың бірі осы күннен бастап Ворушин көшесіндегі жаңа Металлургтер саябағында орналасқан.

Облыс әкімі Болат Бақауов парк бойынша экскурсия барысында воркауттер жаттығулардың көрермені болды. Жас адамдар өз күші мен ептілік орындай отырып, спорттық конструкцияларда әр түрлі тәсілдерді көрсеткен. Болат Жұмабекұлы, клуб көшбасшы Антон Анурьевпен әңгімелесіп, воркаут  қызметі туралы бірнеше сұрақ қойды.

Павлодар Street workout қозғалысына 4 жыл. Бұл уақытта оқушылар республикалық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған,. Негізгі құрамында – 15 адам.

Айтпақшы, 30 тамызда қаланың орталық жағажайында street workout Қазақстан чемпионаты өтеді. Сонда воркаут федерациясының өкілдері  және елордалық Бар Барс командасы қатысады. Біздің жігіттерге қолдау жасаңыздар!

Гайнель-Хаят Машрапова

0
0
904

Завершилась акция «Жастар – Таза қала үшін!» — «Молодежь – за чистый город»

Красота и чистота города начинается с каждого гражданина, которому не безразлична судьба малой родины! Именно с таким настроем молодежь Павлодара  на протяжении месяца стали участниками акции «Жастар – Таза қалаүшін»! – «Молодежь за чистый город»! Волонтеры социального патруля активно рассказывали жителям о простых правилах по благоустройству Павлодара.

Совместно с местной полицией, государственными служащими, начиная с 12 июня, социальный патруль прошел по улицам города Павлодара и осведомил представителей организаций о том, что им необходимо своевременно убирать прилегающую территорию, тем самым своими силами благоустраивать родной город.


Объектами патруля стали кафе, магазины, аптеки, торговые дома, расположенные вдоль улиц города.

Основная задача социального патруля – выявление социальных проблем города: своевременный вывоз мусора, неудовлетворительное внешнее и техническое состояние малых архитектурных форм.

Волонтеры вручали уведомления представителям организаций, которые подписывали документ о том, что они обязуются в последующие 10 дней привести свой участок в порядок  и сохранять его в чистоте и порядке.

С 12 июня по 12 июля пройдено 70 улиц, роздано 67 уведомлений.По некоторым улицам работа была уже проделана закрепленными организациями.В ходе мониторинга волонтеры выявили ряд объектов, не соответствующих правилам благоустройства, где в течение 10 дней после повторного обхода привели порядок свою прилегающую территорию.

Волонтеры отмечают, что работа социального патруля принесла свои определенные плоды.

- Когда мы выходили на соцпатруль, отрадно было видеть, что люди прислушиваются к нашим замечаниям: одни цветы высаживают, другие косят траву, чтобы аккуратно смотрелось вдоль дороги, некоторые даже асфальт в порядок приводят, - рассказывает активистка соцпатпруля Рымгуль Кайржан.

Однако, если одни жители города прислушивались к замечаниям, и выполняли простые правила по благоустройству города, не все фирмы, предприятия, частные организации  шли навстречу волонтерам социального патруля, оставляя свою территорию по-прежнему не прибранной.

- Нести ответственность за порядок в городе должны все заинтересованные государственные органы, неправительственные организации,  частные фирмы и организации города. Давайте вместе сохраним за нашим городом звание самого чистого и красивого!, - считает молодежь Павлодара.

0
0
514

Кереку аспанын қазақтың қара өлеңі тербеген күн

Бүгін Кереку аспаны қазақтың қара өлеңімен тербелді... Қалижан Бекхожинның еңселі ескерткішінің аясына жиналған ақындар қауымы ашық аспан астында туған ел, жер жайлы туындыларын оқып, жиылған жұттың ықыласына бөленді. «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің қала күніне орай ұйымдастырған поэзия кешіне Кереку өңіріндегі қаламгерлердің жас-кәрісі тегіс жиналды.

Кеш шымылдығында сөз алған күрескер ақын Арман Қани ағамыз, осындай әдеби кештердің маңыздылығын айта кетіп, Павлодар қаласы туралы сиясы кеппеген туындысын тарту етті. Одан бөлек Екібастұз қаласы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жұмағали Қоғамбайұлы да туған жер жайлы жыр шумақтарын қалың көпшілікке ұсынды.

Қала төріндегі жыр кешіне аға буын өкілдерінің ізін өкшелеп келе жатқан жас ақындарда тыс қалмады. Екібастұздан ат артып келген екі ақын Ерболат пен Еламанда бір-бір өлеңнен оқып, тыңдарман жүрегіне жол тапты. Кешке өңіріміздің қанатты жас ақындарының басын қосқан «Алдаспан» жас ақындар клубының мүшелері де қатысты. Досжан Мұратбек Қ.Бекхожин атасының Кереку жайлы туындысын оқыса,Алтынбек Мақсатхан арнаумен кеш шымылдығын ашқан болатын. Бірнеше көркем сөз оқуларының жеңімпазы, "Мұрагер шығармашылық бірлестігінің төрағасы Кәкім Бәкіжан де өз өлеңімен жыр кешінің әрін кіргізді.

Кештің ұйымдастырушыларының сөзінше поэзия кешін қала күні қарсаңында, жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырмақ.

 
0
0
1282

Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды

«Болашақтың энергиясы». Бұл дөңгелек дүниенің назарын өзіне аударған Астана қаласының ұраны. ЭКСПО-ның әніне ән, сауығына сән қоспақ мақсата Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамларын дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өңіріміздің дарынды жастары Қарағанды және Астана қаласына үшкіндік сапарға аттанды. «Табысты жастар қаласы» Форумы деп аталатын іс-шараға белсенді 50 студент естеліктеріктермен мен ерекше әсер іздеп Елордаға бағыт алды.

ІТ-технологиялар байқауының, Стундентік көктем фестивелінің және түрлі байқаулардың жеңімпазадарынан құралған Павлодар облысының делегециясы алғашқы күні Қарағанды қаласы маңындағы «Березникик» шипажайына кеп  тоқтады. Сутденттер үш топқа бөлініп, кураторлары тағайындалды. Ән-би жарыс, тіл сайысы, квест, семинар-тренинг, спорттық ойындармен өткен санаторийдағы екі күн бір сәтте өте шыққандай болды.

Алғашқы күні стунденттер бір-бірлерімен жақын танысып, ЭКСПО тарихы жайлы деректі фильім көрсетіліп, әр топ жеке жеке оңашаланып алдағы жоспарларын талқылады. Екінші күн өте қарбалас болды. Таңғы жаттығудан басталған бұл күннің қызығын «EXPOwer» командасы жеңіске жеткен квест ойынымен жалғасын тапты. Түскі астан кейін командалар «Аудармашка» деп аталатын ойынға қатысты. Ол ойынның ережесі бойынша команадалар басқа тілде берілген әннің түпнұсқасын табуы керек болды.

Ал бұл ойында «GREEN WORLD» командасының асығы алшысына түсті. Содан кейін қыздар жағы волейбол ойнаса, ұлдар футбол ойына қатысып, спортқа жақындары да марапатталды. Спорттық ойындардың жалғасы бассейнде жалғасты.

Ал кешке барлық командалар екі күн бойы дайындаған «EXPO» тақырыбындағы жобаларын әзірледі. Барлық командалар ән мен биден шашу шашып, флешмоб ұйымдастырып, ғылыми жаңалықтарымен де бөлісті. Нәтижесінде «EXPOwer» командасы екі күнінің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал, бұл қызықққа толы күндерден кейін барлығы асыға күткен EXPO-ның да кезегі келді. Автобустан түскен бетте таңданыстарын жасыра алмаған студенттер алып шарға қарай ұмтылды.

Әсіресе 8 қаббаттан тұратын «НҰР Әлем» павильионы қатысушыларды ерекше әсерге бөледі. Студентер еліміздің баламалы энергия саласындағы жеткен жетістіктеріне куә болып, әр жылдардағы ЭКСПО тарихы жайлы мұражайды көздерімен көрді.

Одан бөлек Германия, Жапония, Тайланд, Қытай, Рсеей, Түркия елдерінің павильондарыда таңданыс тудырмай қоймады. Форум қатысушылары арасындағы қытай, ағылшын және өзге тілдерді меңгергендері туристтермен сұхбататсып, Қазақстан жайлы пікірлерін білуді де ұмытқан жоқ.

Үш күнге жалғасқан сапарда осылай аяғына жетті. Елімізде осындай ауқымды шараның өтіп жатқанына Кереку жастары да ерекше толғанып, патриоттық рухтары жанданып, еліне деген зор мақтаныш сезімімен қайтты. Студенттерінің көбісі ЭКСПО біткенше тағы да барғысы келетіндерін жеткізді.

0
0
886

Жастар корпусын дамыту жобасы гранттық конкурсының қорытындылары шығарылды

2017 жылғы 27 маусым                                                                   Астана қаласы

2017 жылғы 18 сәуірден - 24 мамыр аралығында Жастар корпусын дамыту жобасы шеңберінде гранттық конкурс өткізілді. Конкурсқа Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында тұратын 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Өтінім беру үшін zhasproject.kz сайтында жастар өзінің әлеуметтік идеясын сипаттауы тиіс болды.

Барлығы 1499 өтінім түсті, өтінім берген қатысушылардың саны 5058 адамды құрады.

Келіп түскен өтінімдердің барлығы үш кезеңдік іріктеуден өтті:

Техникалық іріктеу кезеңінде өтінімдер конкурстың негізгі өлшемдеріне сәйкестігі бойынша қаралды: қатысушылардың жасы 18-ден 29 жасқа дейінгі аралықта болуы тиіс, қатысушылар жоба іске асырылатын аймақтардың бірінде тұруы тиіс. Техникалық іріктеу қорытындысы бойынша 1320 өтінімге одан әрі қатысу мүмкіндігі берілді.

Екінші кезеңде қоғамдық ұйымдардың, бизнес, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған 39 сарапшыдан тұратын бағалау комиссиясы идеяларды әлеуметтік маңыздылығы (комиссия мүшелеріне топтың қатысушылары туралы ақпарат берілген жоқ, олар әр өтінімді оның мақсаты және сипаттамасы бойынша бағалады) және тұрғындардың осал топтарын тарту тұрғысынан бағалады. Бұл үшін сарапшылар үш адамнан тұратын топтарға бөлінді, әр топ жастардың 100-ге жуық жобасын бағалады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 1113 өтінім шектік ұпайды жинады және іріктеудің соңғы кезеңіне жіберілді.

Үшінші шешуші кезең кездейсоқ бөлу рәсімімен жүргізілді. Үш кезеңнің әрқайсысында жобаның одан әрі қатысудан шығып қалу ықтималдығы болды. 261 өтінім үшінші кезеңнен өте алмады.

Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша 852 жоба өтті: А тобында – 294 жоба (1002 адам) – бұл топ грант және өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бағдарламасы бойынша оқыту, сондай-ақ менторлардың қолдауын алады; В тобында – 295 жоба (998 адам) – бұл топ қатысушылары өз жобаларын іске асыру үшін грант алады; С тобында - 263 жоба (890 адам) - бұл топ қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқаруға оқытудан өтеді және менторлардың қолдауын алады.

Павлодар облысынан барлығы 485 жоба түсті, оның ішінен А тобына 96 жоба (345 адам), В тобына 89 жоба (305 адам), С тобына 91 жоба (307 адам) ілікті.

«Іріктеу кезеңі аяқталды, осы пилоттық жылда біз жұмыс істейтін жобалар анықталды. Алдымызда үлкен жұмыс тұр – қазірден бастап жастар топтары өз жобаларын іске асырудың жоспарларын әзірлеп, бюджетін жасауда, таяу уақытта оқыту семинарлары басталады. Біз жобалар туралы ақпаратты әлеуметтік желілердегі zhasproject ресми парақтарында және сайтта жариялап отырамыз»,- деп, Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким жаңалықтарымен бөлісті.

Сонымен қоса, Жоба шеңберінде менторларды іріктеу бойынша конкурс өткізілді, олар қатысушыларға жеке және кәсіби мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін болады. 499 өтінім ішінен 240 ментор іріктелді, оның 78-і Павлодар облысынан. Облыстан менторларды іріктеу бойынша конкурсқа барлығы 163 өтінім түсті.

 

Өтінеміз, неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыздар:

[email protected] немесе 8 7172 500 77 телефоны бойынша

 
0
0
926

Есен Елеукен: «Ертіс толқыны» республикалық жайдарман фестивалі жоғарғы деңгейде өтті

24 маусым күні сағат 20.00 де Павлодар қаласының орталық жағажайында  «Ертіс толқыны» республикалық жазғы жайдарман фестивалі өтті.

Фестивальді Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқрамасы қолдауымен «Шығармашық жобалар орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Оған КВН лигасының үздік 8 құрама командалары қатысты. Әділ қазылар қатарында белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Өтешев, Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен және тағы басқа да өнер өкілдері болды.

Нәтижесінде фестивальдің жеңімпазы болып Талдықорған қаласынан келген «Шапалақ» командасы ұтып алды. Екінші орынға "Жоғарғы лига құрамасы" (Орал қаласы) иеленді. Үшінші орынды Семей қаласының «Элемент» командасы алды. Ауа-райына қарамастан жағажайда кешке көп жастар фестивальді тамашалау үшін арнайы жиналып, командалар көрсеткен өнермен өз  көңілдерін көтерді. Қазақстан КВН Одағының төрағасы Есен Елеукен "Ертіс толқыны" жайдарман фестиваліне жоғары баға берді.

 
0
0
1957

Республиканский КВН «Ертіс толқыны» прошел в Павлодаре

24 июня на Набережной Павлодара прошел Республиканский Летний Фестиваль КВН «Ертіс  толқыны», где искрометный юмор показывали 8 лучших сборных команд КВН Казахстана.

Фестиваль организовало  молодежное общественное объединение  «Центр творческих проектов» при поддержке управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области.

Оценивали юмор, шутки и миниатюры известные деятели культуры и искусства: общественный деятель Нурлан Утешев, председатель Союза КВН Республики Казахстан Есен Елеукен и другие.

Самой веселой и находчивой стала команда "Шапалақ"  из города Талдыкорган, участники которой завоевали первое место.

Серебро взяла команда "Жоғарғы лига құрамасы"  из Уральска. Третье место выиграла команда "Элемент" из города Семей.

Победителям были вручены кубки в виде одной из главной достопримечательности Павлодара - часов, которые жители на Иртыше, называют их "BigBen".

Несмотря на дождливую погоду, вечером на Набережной собралось много молодежи, для которой этот фестиваль стал праздником смеха и веселья.

0
0
658

Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару мекемелерінің өкіледеріне арналған «Жастардың қоғамдық шараларға жергілікті деңгейде қатысуы» атты Республикалық деңгейдегі семинар-трениг өткізуде. 21-23 маусым күндері аралығында Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығында қатысушылар осы салаға қатысты семинарлар, тренигтер, әдістемелік жұмыстарға қатысатын болады.

Кеше семинардың бірінші күнінің өзінде «Жастардың түсінігі. Жастар санатары», Көшбасшылық – жастардың тиімді басқарудың маңызды компоненттерінің бірі», «Жастар ұйымдары, өзін-өзі басқару органдары, стандарттары және бағалау әдістемесі» сияқты тақырыптарда әдістемелік кеңестік отырыстар мен семинарлар болып өтті.

Семинардың ашылуында сөз алған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директорының орынбасары Әсем Қайдарова: Қазіргі сәтте жастардың тек 10 % қоғамдық өмірге белсенді араласады екен, ал бұл қуантарлық көрсеткіш емес, сол себепті де бізге қазіргі сәттен бастап жастар ұйымдарының қызметінн бағалауды және стандарттарын қарап, жұмыс тиімділігін арттыруды үйренуіміз керек, -деді.

Бүгін Республикалық семинар-тренингтің 2 күні өтуде. Күн тәртібінде «Жастар бастамаларына менторлық жүргізу», «Жастардың қатысуы», «Жастардың қатысуына бағытталған жобалар» атты мәселелер қарастырылуда.

 
0
0
638

Павлодарда жастарға 100-деген жұмыс орындары ұсынылды

ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында 8 бен 15 маусым аралығында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі әр түрлі мамандықтарды қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Техникалық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасыру апталығы 8 маусым күні Жастар Орталығында басталған жәрмекеде қаланың ірі кәсіпорындары мен өнеркәсіптері 59 бос жұмыс орынын ұсынған болатын.

Жалпы жұмыс берушілер ретінде 13 техникалық сала өкілдері қатысты. Олар: «Қазақстан Алюминий» АҚ, «Павлодар электроиз зауыты» АҚ, «LTD Мұнайхимия зауыты» ЖШС, «ГСУ Құрылыс» ЖШС, «ПРЭК» ЖШС, «Трамвай басқармасы» АҚ, «Гофротар зауыты» АҚ, «Кэмми груп» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ, «Каустик» АҚ, «Павлодар су арансы» ЖШС, «СоюзЭнергоРемонт» ЖШС, «Технологиялық желілер» ЖШС.

9 маусым күні сағат 11.00-де Жастар Орталығында эконмикалық және заңгерлік сала бойынша жұмысқа орналасуға болады. Жәрмеңкеде кассир, менеджер, кеңес беруші сияқты мамандықтар бойынша еліміздің ірі 10 банкі бос жұмыс орындарын ұсынды. Одан бөлек жәрмеңкеде жеке сот орындаушылары да заңгерлерді шақыратынын жеткізді.

11 маусым күні сағат «Қазпошта» АҚ базасында өткен жұмыс жәрмеңкесінде қаламыздың 14 фирмасы мен кәсіпорындары 161 бос жұмыс орыны бар екенін хабарлады. Жәрмеңкеге 70-тен астам жұмыс беруші қатысып, сұхбаттасуға шақырылды.

Ал 12 маусым күні Павлодар қаласының кәсіпорындарына көшпелі жәрмеке өтті. Уақытша жұмысқа орналасу бойынша жәрмеке 13 маусым күні сағат Жастар Орталығында ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындары екі бөліктен тұрады: Алғашқы жәрмеңке – Облыстық әкімдікте өтсе, 15 – маусым күнгі соңғы жұмыс жәрмеңкесі Жастар Орталығында ұйымдастырылды. Оған: Екібастұз қаласының Жұмыспен қамту орталығы, Ақсу қ. жұмыспен қамту бөлімі және Павлодар, Баянауыл, Ертіс, Успен аудандарының жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері қатысып, аудандардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Мысалы Успен ауданында мұғалімдер мен медбикелерге сұраныс көп болса, Баянауыл ауданында заңгер, аула сыпырушы, мұғалім сияқты мамандықтарға сұраныс мол.

Кейбір аудандардағы бос жұмыс орындары:

АҚСУ ҚАЛАСЫ:

ЕРТІС АУДАНЫ

 

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

 

 

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

 

 

0
0
1148

Павлодар жастарына жұмыс жәрмеңкесінде мемлекеттік қызметтер ұсынылды

2017 жылдың 14 маусым күні сағат 15:00-де Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратында жұмыссыздарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Оған қаламыздағы 14 пен 29 жас аралығындағы жұмыс іздеушілер, колледж және жоғарғы оқу орындарының түлектері қатысты. Негізгі жұмыс мемлекетік қызметкерлерге арналды.

Жұмыс берушілер ретінде 17 басқарма жұмыс ұсынды. Сонымен бірге, 15 маусым күні Жастар Орталығында мемлекеттік қызметтер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

 
0
0
445