Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар жастары кино түсіруге кіріспек

2016 жылдың 22 желтоқсаны павлодарлық жас түсіру тобы қалың көпшіліктің назарына комедия жанрындағы «Ради тебя, зачет!» фильмін ұсынған болатын.

Алғашқы жұмыста жеткен жетістік пен жаңа бастамаларға қол жеткізген жас сценаристтер мен режиссерлар Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-мен бірлесіп жұмыстық атауы  «В активном поиске» атты жаңа фильмді түсіруге кіріспек.

Аталмыш кино-туындыға да түсірілім тобы кастинг жариялаған болатын. Фильмнің сценарийі бойынша атақты дизайнер болуды армандаған қыз, осы жолда түрлі күтпеген тосын жағдайлар мен шытырман оқиғаларға тап болады. Бүгін 20 мамыр күні Жастар Орталығында кастингтің бірінші туры өтуде. Негізгі актерлар құрамы студенттер қатарынан алынады, сонымен бірге ересек адамдарға да бұл фильмнен рөл табылады.

Егер сіздер қалаған рөлдеріңізге өтпесеңіздер, екінші пландағы актерларға өте аласыздар, тіпті оған да өтпей жатсаңыздар массаовка да өздеріңізді таныта аласыздар. Бұл да болашақ актерлер үшін үлкен мүмкіндік санаймын деді.

Туынды осы жазда Павлодар қаласында түсірілетін болады. Жалпы түсірілім тобына 100-деген актер тартылады деп жоспарлануда.

Алтынбек Мақсатхан

 
1
0
674

Осы тақырып бойынша

Павлодар жастары кино түсіруге кіріспек - Yvision.kz