Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қала әкімінің бастамасымен «Жастар – Таза қала үшін!» акциясы басталды

Ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап қаламызда «Жастар – Таза қала үшін»! – «Молодежь за чистый город»! атты әлеуметтік патруль  акциясы басталатын болады. Осыған орай Жастар Орталығында жиын өтіп, Аталған акциядағы еріктілердің жұмысын үшін еріктілер қызметін дамыту орталығының жетекшісі Айгүл Серікқызы Кенжетаева толыққанды түсіндірді.

Әлеуметтік акцияны қолға алған еріктілер тарату қоршаған рпта мен табиғатты қорғау туралы ақпарат енгізілген қағаздары мен буклеттер дайындап, қоғамдық орындар, кафе, дүкендерде кездескен адамдарға таратты.

«Жастар – Таза қала үшін»! – «Молодежь за чистый город»! атты әлеуметтік патруль  акциясы Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің бастамасымен жүзеге асқан болатын. Әлеуметтік патрульдің негізгі мақсаты қаланың әлеуметтік мәселелерін анықтап, уақытылы қоқыстан тазарту, шағын сәулет құрылыстарының жөндеу жұмыстары, маңдайшалар мен ілмелердің кеткен қателіктерін және т.б түзету болып табылады.

Алтынбек Мақсатхан

0
0
662

Осы тақырып бойынша