Жастар орталығында Бос орындар жәрмеңкесі өтті
2017 жылдың 13 маусым күні сағат 11:00-де Жастар Орталығында жұмыссыздарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған қаламыздағы 14 пен 29 жас аралығындағы жұмыс іздеуші қатысты.

Жұмыс іздеушілерге бірнеше жұмыс берушілер толымды жалақы ұсына білді. Мысалы «Подорожник» фастуфут тағам өнімдерін сататын дүңгіршек жұмыскерлеріне күндік табыстың 8 % ұсынамыз деп отыр. Одан бөлек 50.000 теңгеден жоғары жалақыны 14-29 жас аралығындағы жастар «Жасыл ел» жасағына қосылу арқылы таба алады.

Ал «Билайн» компаниясы өздеріне сауда өкілдері мен операторлаарды іздейді. Сонымен бірге, 14-15 маусым күні Жастар Орталығында мемлекеттік қызметтер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
