Павлодарлық шығармашылық ұжымдар мен музыкалық ансамбльдердің мерекелік шеруі өтті
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Павлодар қаласының Орталық жағажайында Павлодарлық шығармашылық ұжымдар мен музыкалық ансамбльдердің мерекелік шеруі өтті. Оған облысымыздың қалалары мен аудандарындағы өнер және шығармашылық мектептерінің оқушылары қатысып, салтанатты түрде сап түзеп, Орталық жағажайдың алаңымен жүріп өтті.

Шерудің мақсаты – бұл шеруді қолдау және дамыту, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретіндегі оқушылар мен студенттердің көше-фестиваль шеруі.

Шеруді ұйымдастыруға және өткізуге жергілікті бюджеттен 65,1 млн. теңге бөлінсе, «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы 49 млн. 950 мың теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсеткен.

Павлодар облысы Білім беру басқармасы басшысыынң орынбасары Ернұр Дәуенұлы аталған іс-шараға 4500 баланың қатысып 45 бағанаға бөлініп өнер көрсеткенін жеткізді. Олардың 34-і қорап – үрмелі оркестрлер ұжымы, қазақтың, орыстың ұлттық ішекті аспаптары, барабаншылар, маржорет, черлидер бағаны, би және хор ұжымдары 34 көркемдік би шығармаларын орындады.

Шеруге қатысқан музыкалық ұжымының әрқайсысы үшін – көркемдік-эстетикалық дамыту нысаны, балалар, педагогтар және ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін таптырмас мүмкіндік болғанын айта кету керек. Көздің жауын алған парадқа қатысушылардың киімі арнайы тапсырыспен алдын-ала тіктірілген. Айта кетерлігі бұндай шара өңірімзде бірінші рет ұйымдастырылуда. Айта кетерлігі аталған шеру Рспубликамыздың барлық өңірінде ұйымдатсырылып оған жалпы саны 40 мыңанан астам қатысуда.

Музыкалық және шығармашылық ұжымдар шеруінің соңы театрландырылған көрініс және концерттік бағдарламамен жалғасты.




