Павлодарлықтар ҚР Рәміздерінің 25-жылдығын бар сән-салтанатымен атап өтті
Биыл Елдігіміздің тұтқасы, Егемендігіміздің нышаны саналатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Осыған Орай Орталық жағажайда мыңдаған адамдардың қатысуымен үлкен іс-шара болып өтті. Бұл күні сонымен бірге, Жастардың жазғы Арбаты да өз тұсауын кесіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.

Әнші-биші, суретші, автосүйерлер, табиғат қорғаушылары, зергерлер, спортсүйерлер және басқа да Павлодардың талантты жастары бір сәтте Орталық алаңға жиналып өз өнерлерін паш етті. Жылда жастар Арбаты Ленин немесе Гагарин саябағында өтсе, биылғы жылы қалалықтардың сүйікті орны саналатын Орталық жағажайда өтуінің өзі шараның ауқымдылығын білдірсе керек.

Кеш облыстық Тумен сап түзеу топтары арасындағы байқау жеңімпазы 21 мектеп оқушыларының Туды салтанатты түрде енгізумен басталып, кішкентай бүлдіршіндердің әнұранды шырқауымен жиналған жұрттың рухын көтерумен есте қалды.

Жалпы бұл кеште тек үздіктер өнер көрсетті десек қателеспегеніміз. Әсіресе, облыстық «Студент көктем» байқауының жеңімпазы Рыбалко Юрийдің орындауындағы «Атамекен» әні кештің сәнін кіргізді десе болады. Одан бөлек сахна төрінде көптеген би топтары өкілдері өнер көрсетіп, кешті жандандыра түст. Сонымен қатар, бұл күні Орталықтың бойтұмары «ЖасMan» қалың көпшілік назарына таныстырылып, қалың жұртпен бірден дос болып кетті. Келсіде іс-шаралардың бірінде «ЖасMan»-ді көріп қалсаңыз, бұл іс-шарын Жатсар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырып жатқанын біліңіз!


Ертіс жағасында өтетін іс-шарада қала қонақтары мен тұрғындары спорттық, әдеби-көркем, мәдени және т.б іс-шаралардың куәсі бола алады. Барлығы ұйымдастырушылар 11 түрлі форматтағы алаңдар дайындаған болатын. Ашық аспан астында өзіңізді суретші ретінде байқап көруге, күшіңізді сынап, спорттық қабілетіңізді жетілдіруге, түрлі дәмді тамқатардан дәм татып, орта ғасырлық жауынгерлердің шайқасын тамашалап, қолыңызға қынамен өрнек салдыруға, ерекше жануарлардың түрімен суретке түсіп, зергерлердің бұйымдарына баға бергісі келгендерге таптырмас мүмкіндік болғандай.



Сонымен қатар, ашық аспан астында мобилді ЖҚКО (жастарға қызмет көрсету орталығы) жұмыс жасады. Ол жерден әр адам тұрғын-үй, кәсіпкерлік, жұмысқа орналасу сияқты сұрақтарға жауап ала алады. Одан бөлек бизнес-цех және Start-up жобаларын мен «Жасыл ел» жұмыстарымен жақын танысуға мүмкіндік алды.


- Жастар жазғы арбаты жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара. Жаз бойы жастар ән салып, спорттық ойындарға қатысады және өздерінің қолөнерлік жұмыстарынқа қалың жұртқа ұсына алады. Бұдан кейін арбат аптаның сенбі және жексенбі күндері қала тұрғындарымен жаз айының соңына дейін кездесіп тұратын болады. Мұнда білім беру, мәдениет, спорт басқармалары өздерінің талантты өкілдерін жібереді. Биылғы жылы алғаш рет жас кәсіпкерлер сауда жасауда, - дейді жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Айгүл Садықова.

.
Алтынбек Мақсатхан
