Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Бізге өлең керек

Шарпысқан шоқ пен мұзға қайым лебің, Жүзіңе мұң ұялап, айым менің. Жабырқау, жел өтінде желең тұрған, Сүліктей сылаң түсті қайың ба едің.

Жүректі жараладың, аздай мұның, Кеудемді қыстап қалды қаздай мұңың. Кетпейді ертелі-кеш құлағымнан, Жанымды жайлап алған жаздайғы үнің.

Аманхан Әлімұлы. Мен жатқа білетін, ара-тұра оқып жүретін өлеңдердің бірі осы. Кешегі Несекең "түкке алғысыз" қылған Аманxан ағаның өлеңі. Бізге бақай есеп пен ерегес керек емес. Бізге өлең керек.

Ақпарат көзі

0
0
371

Осы тақырып бойынша

Бізге өлең керек - Yvision.kz