Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Күлсең кәріге күл...

Мынау да сондай бір тәтті күлкі. Анау күні тоқсанға толған бір атамыз Нұрлан ағаға келді. - Айналайын, үлкен той жасамаймын, дүрілдетіп өткізбеймін. Ағайын-туыс пен құда-жекжатқа бір шәйін берермін,-деді. Содан кейін әңгіменің аяғында Нұрлан аға: - Маған қандай тапсырма бересіз, не өтінішіңіз бар?-деді. Ана кісі аз-кем ойланып отырды да: - Ана, қолымдағы кіші балам жұмыссыз қалды. Соған жұмыс қарастырсаң...-деді. Нұрлан аға: - Ол балаңыз қаншада еді?-деді. Сондағы атамның жауабы: - Осы жазда алпыс бірге толды ғой... Құдай бақ берем десе үйіп-төгіп береді екен ғой иә. Алпыс бірдегі балаңа жұмыс іздеп жүрсең, одан өткен бақыт жоқ шығар.

Ақпарат көзі

0
0
539

Осы тақырып бойынша