Қызық емес ертегі
Университет басшылығы әлгі жігіттің қолына дипломын ұстатыпты да, арт жағынан тепкендей қылып, жатақханадан қуып шығыпты. Бара ғой, айналайын,-депті. Ал, жігітіміздің дәл сол уақытта не тұрақты жұмысы, не тұра қоярлық үйі де болмапты. Ауылға қайтуға мүлде құлқы болмаса керек. Ары ойланып, бері ойланыпты да Алматының іргесінде тұратын ағасының үйіне қарай тартып отырыпты. Ағасының әйелінен қатты қорқатын біле тұра барыпты. Үміт аз енді. Жұмысқа шығып, квартира тауып алғанша тұра тұрайын деп үміттенген ғой. Бірақ, анда-санда бір келгенде қабағын ашпайтын жеңгесінің бұны бірер айға тұрғыза қоюы неғайбыл. Ағасына әсер етіп, жеңгесінің жүрегін жібіту үшін жолай ән шығарған екен. Сол әнді кейіннен, арада біраз жыл өткенде Қайрат Нұртас сөзін өзгертіп орындаған көрінеді... Бірақ, негізгі мәтіні мынау болса керек.
Үйлеріңнен бір орын бер..
Студенттік кезім өтті, Өмірім де өзгерді. Ал кім маған көмек берер, Сенен басқа өзге енді. Үйлеріңнен бір орын бер Тынышталсын жүрегім. Аға бізге бір бөлмеде, Бірге тұрар кез келді.
Қайырмасы: Үйлеріңнен бір орын бер, Бір орын бер бос болса. Мекендейін сол орынды, Тағдыр жарға қосқанша. Үйлеріңнен бір орын бер, Бір орын бер бұл өмір Алматыдан үй алатын Күнді күтіп тосқанша.
Сен үйлісің мен бойдақпын, Менің сырым белгілі. Сен қымбатсың жауабың да Қымбат маған ендігі. Үйлеріңнен бір орын бер Уақытша, өтінем. Бізге бірге өмір сүру Жеңешемнің ерлігі.
Қайырмасы: Үйлеріңнен бір орын бер, Бір орын бер бос болса. Мекендейін сол орынды, Тағдыр жарға қосқанша. Үйлеріңнен бір орын бер, Бір орын бер бұл өмір Алматыдан үй алатын Күнді күтіп тосқанша.
Ақпарат көзі
