Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

«Гілі-гілі»

Кімге керек дәл мұндай тірілігі, Адам екен демейді бірі мұны. Амандасқан түрі ғой, кезіккенге Қолын ала жүгірер «гілі-гілі».

Шуақ сыйлап көктемнің жылы күні, Жайқалып тұр даланың қыры, гүлі. Осы жайлы біреуге айтсам дейді, Айтатыны сондағы: гілі-гілі...

Шандыр қылған жүрегін сірі мұңы, Көрінбейді түрінен ірілігі. Көрші қызды көргенде күлімдейді, Оған дағы айтқаны: гілі-гілі...

Таза қазақ, білгенге, діні, ділі. Жарасады ақ көңіл інілігі. Қатарласын көргенде қалжыңдасып, Бір сөз айтып қалады: гілі-гілі...

Бір қорласа шықпаған тілі бұны, Тағы да бір қорлайды түрі мұны. Қора жақта кекілін сипап тұрып, Құлынға сыр айтады «гілі-гілі».

...Бір жиынға барып ем бірі күні, Байқалмады шендінің ірілігі. Айтсам дейсің, бәрін де жазсам дейсің, Жазғандағың сондағы: гілі-гілі...

Ақпарат көзі

0
0
624

Осы тақырып бойынша

«Гілі-гілі» - Yvision.kz